Астана маңындағы жағажайлар талапқа сай емес

Астана маңындағы жағажайлар талапқа сай емес

Жаз айы келіп, күн жадырай сала бала-шағасын ерткен ата-ана  жағажайларды  жағалап кететіні рас. Демалыста күнге қыздырынып, көңіл көтергенге не жетеді, шіркін! Шетел асып, ақшаны сыртқа шашқанша, бір тиын болса да қаржының өз елімізде қалғаны жақсы. Ол үшін демалыс орындарын көбейтіп, шомылатын өзендердің тазалығына мән беру – басты міндет.  Биыл да Астанада әдеттегідей 1 маусым күні шомылу маусымы ресми түрде ашылып, ол қыркүйекке дейін жалғасатыны белгілі болды. 

Алайда Астана төңірегіндегі жағажайлар қандай күйде? Судың реңі талапқа сай ма, тазаланған ба?   Бұған қарап жатқан адам аз. Өзен болса болды дегендей, күмп беріп жүзе жөнелуге дайын көпшілік.  Өзге өңірлерді қайдам, елордадағы адам шомылатын өзендердің сапасы сын көтермейтіні айтылуда.  Анау-мынау емес,  мамандар дабыл қағуда.  Елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы Әлсия Кәшкенова былай дейді: «Суға түспес бұрын ол жерде шомылуға қауіпсіз екенін анықтап алған дұрыс. Жағажайдың түбін алдын ала тексеріп, сондай-ақ төтенше жағдайда көмекке келетін адам табылатынына көз жеткізіп барып шомылуыңыз керек. Отбасының қауіпсіздігі үшін арнайы шомылу орындарында демалған  дұрыс. Нұр-Сұлтан қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жазғы кезеңде қала шегінде орналасқан, оның ішінде шомылуға және демалуға арналған орын ретінде пайдаланылатын ашық су қоймалары суының сапасына зертханалық зерттеулерге су іріктеумен мониторинг жүргізді». 

 Әйтсе де тексеріс қорытындысы көңіл көншітпейді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінен және Нұра-Есіл арнасынан алынған барлық су сынамаларында санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталған. Атап айтқанда, түсі бойынша 2,71 есе, темір мөлшері бойынша 2,3 есе және оттегін химиялық тұтыну бойынша (ХПК) 1,87 есе асып кету анықталған. Шомылудан кейін жағымсыз салдардың алдын алу үшін қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтау керек, яғни мүмкіндігінше тезірек гигиеналық душ қабылдап және ешқандай жағдайда су қоймаларынан су ішпеу керек.

Сондай-ақ, СЭБД өкілі тұрғындарға белгіленбеген жерлерде шомылмауды қатаң ескертті.  «Белгілі бір жерде шомылып, демалу үшін су айдындарындағы судың сапасын өндірістік зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілген аймақтарды ғана таңдаңыз. Бұл сізге денсаулығыңыз үшін еш уайымдамай, толыққанды, сапалы демалуға кепілдік береді. Сондай-ақ, су қоймасында шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге жіті назар аудару қажет», – дейді ол.

Жаратқан Иеміз де сақтансақ қана сақтайды.  Ескертпелерге құлақ асып, сақтанып жүрейік, ағайын!

 

Нағашыбай Қабылбек
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 149
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 147
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 659
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 779
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 692
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 702

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8842
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8239
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11466
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9223
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449