Астана жастары ерлеп тұр!

Астана жастары  ерлеп тұр!

Бас қаладағы белсенді жастар қоғамдық өмірге белсене араласып, қаланың тыныс-тіршілігі мен дамуы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Олар әдетте қайырымдылық шараларын ұйымдастырса, кейде жаппай сенбілікке шығып, қаланы күл-қоқыстан тазартып, экологиямызды жақсартуға атсалысып жататыны бар. Ал қақаған қыс күндері қолғанаты жоқ қарттардың үйлеріне барып, оларыдң ауласын тазартып, көңілдерін көтеріп қайтып жатады. Ал кейде қоғамдағы нашар әдеттердің жолын кесу үшін адамдар көп жиналатын орындарға барып, түрлі акциялар өткізеді. Қысқасы, Астанамыздағы жалынды жастар жұртқа пайдалы, қоғамға оң ықпалы бар кез келген жұмыстан аянып қалмайды. 

Жақыннан бері бүкіл елді әбігерге салып жатқан су тасқыны бастала салысымен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлары «Biz Birgemiz» қорымен бірлесіп, апатқа ұшыраған аймаққа гуманитарлық көмектер ұйымдасытру жұмысына белсене араласып кетті. Олардың ұйытқы болуымен халыққа аса қажетті жылы киім, азық-түліктер тиелген жүк көліктері астаналықтардың жәрдемін алып, қарғын судың қыспағында қалған ағайынға жеткен еді.

Бас қаланың жастары мұнымен тоқталып қалған жоқ. Жақында көктемгі ауқымды экологиялық айлықты бастап кетті. Анығырақ айтар болсақ, 13 сәуір мен 11 мамыр аралығына жоспарланған «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» айлығы басталды. Бұл шараның мақсаты халықты ұйымдастыра отырып, бас қаланың көркіне көрік қосып, экологиялық ортасын онан ары жақсарта түсу болмақ.

Экологиялық айлық шеңберінде қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін тазарту, көшелерді, тротуарлар мен орамішілік аумақтарды тазалау, саябақтар мен скверлердегі жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату жөніндегі іс-шаралар, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жүргізілетін болады. «Астана жастары» ЖРО-ның парақшасындағы ақпаратқа қарағанда, акция аясында 270 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр екен. Сондай-ақ «қала кәсіпорындарының, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субьектілерінің (базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары және басқалар), оқу орындарының, еріктілер мен барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды экологиялық айлыққа қатысуға шақырамыз» дейді олар. 

Олар қазірге дейін түрлі мекемелермен бірлесіп апат аймағына гуманитарлық көмектер жинауға белсене атсалысып келген еді. Мысалы жақында ғана «Астана жастары» ЖРО Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккендерге 2 жүк көлігіне толтыра тиелген гуманитарлық көмекті жөнелткен болатын. Бұл шараларға атсалысқан жастардың қатары қалың. Қазірге дейін 200-ден астам еріктілер, 30 еріктілер ұйымы және 9 орында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмыс істеп тұр. Жастардың қатысуымен 29 наурыздан бастап қазірге дейін 300 тоннаға жуық гуманитарлық көмек Астанадан жол тартты. 

 

16.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380