Астанада Ботай мәдениетін насихаттау мақсатында Ботай жылқысына ескерткіш орнату және ашық аспан астындағы мұражай құру ұсынылды

Астанада Ботай мәдениетін насихаттау мақсатында Ботай жылқысына ескерткіш орнату және ашық аспан астындағы мұражай құру ұсынылды

 

Астанада 13 наурыз күні республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы мен Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы арасында Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков пен Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов қол қойды.

14 тармақтан тұратын Меморандум екі федерация арасындағы әріптестікті, ынтымақтастықты нығайтуды және ат спортын дамыту мен танымалдығын арттыруды көздейді.

Атап айтқанда, тараптар бірлесе отырып ат спортын тиімді дамытуға бағытталған бастамаларына қолдау көрсетуге, Қостанай және Адай жылқыларының тұқымын, жылқы малының қолға алғаш үйретілген Ботай мәдениетін насихаттау барысында бірлескен жұмыс жүргіуге уағдаласты.

 

 

Тараптар Астана қаласының шағын саябақтарының бірінде Ботай жылқысына ескерткіш орнату және қоғамдық кеңістікті сол тақырыпта абаттандыру мен Астана қаласында ашық аспан астында Ботай мәдениетінің мұражайын ұйымдастыру бойынша бірлесіп жұмыс атқаруды да жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, екі федерация ат спортына үлес қосқан азаматтарды жыл сайын қошеметтеу және марапаттау салтанатты шарасын ұйымдастырып, жоғары оқу орындарымен бірлескен шаралар өткізбекші.

Бұған қоса қазақ жылқысын, оның қазақ тұрмысы мен мәдениетіндегі орнын  насихаттау жолында Астана қаласындағы театрлардың бірінде арнайы қойылым көрсету бойынша бірлескен жұмыс та қолға алынбақ.

 

 

14.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан республикалық акциясы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 14
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 28.04.2024 17
Бірлік жарысы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 13
Тараз таза қала
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 13

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1093
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7140
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10990
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7203
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7348