Астанаға ауыл шаруашылығы өнімдері жөнелтілді

Астанаға ауыл шаруашылығы өнімдері жөнелтілді

Жамбылдық шаруалар алдағы демалыс күндері елордамыз Астана төрінде өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесіне қатысады. Екі күндік шара барысында жалпы құны 168,6 миллион теңгені құрайтын 298,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары тұтынушылар назарына ұсынылмақ. Бұл күндері 33 тонна ет өнімдері, 3,2 тонна тауық еті, 4 тонна шұжық өнімдері, 14 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа және 1 тонна кондитерлік өнімдер, 3,4 тонна макарон өнімдері, 10 тонна балық, 5 тонна бал, сондай-ақ, 208 тоннадан астам көкөніс-бақша және жеміс-жидек өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада саудаланады деп күтілуде. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Ақжоловтың айтуынша, дәстүрлі жәрмеңкеге өңіріміздегі ауыл шаруашылығы тауар өндіруші кооперативтері мен өз кәсібін ашқан жеке кәсіпкерлер атсалысуда.

– Жәрмеңкенің жиі өткізілуі бағаны тұрақтандыруға айтарлықтай ықпал ететіні анық. Өйткені, қазір халық жәрмеңкенің тиімді екенін түсінді. Астана қаласындағы дәстүрлі жәрмеңкеге елі дархан, жері құт, киелі мекен Жамбыл жерінен үш жүз тоннаға жуық ауылшаруашылығы тауарлары жөнелтілмек. Қазіргі таңда барлық тауарлар жүк көліктеріне тиеліп жатыр. Айта кетейік, бұл жәрмеңкеге Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуа лы, Меркі, Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас және Шу аудандарының, «Ауыл аманаты» жобасы аясында құрылған ауыл шаруашылығы тауар өндіруші кооперативтері мен өз кәсібін ашқан жеке кәсіпкерлер белсене қатысуда. Бұған дейінгі жәрмеңке барысында қарапайым халық ауылшаруашылығы өнімдерін көптеп сатып алып, өз ризашылықтарын білдіргені бар. Бұл жолы да біздің диқандар өз өнімдерін делдалсыз саудалауға мүмкіндік алып отыр, – деді Нұрсұлтан Алтайұлы.

Ал, т араздық «Көкжиек» серіктестігінің сатушысы Нұрбала Жақыпова өңірлерден келетін өнімдер өз бағасында өткерілетіндіктен, көпшілік кез келген тауарды мол қылып алуға тырысатынын жеткізді. Ол өз сөзінде бұл жолғы жәрмеңкеде сүттің әрбір литрін 300 теңгеден саудалауды көздеп отырғанын да жасырмады. Айтуынша, былтыр бұл өнімдер 270 теңгеден өткеріліпті.

ЕСЕН ӨТЕУЛІ,АҚ ЖОЛ ГАЗЕТІ
08.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 276
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 494
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756