Ат спорты: Тараздағы көшпенділер бәсекесіне кімдер барды?

Ат спорты:    Тараздағы көшпенділер   бәсекесіне кімдер барды?

Көне Тараз өңірінде қазақтың ұлттық спорт түрлері көкпар мен аударыспақтан Қазақстан чемпионаты басталды. Додаға еліміздің 17 өңірінен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Жарыс 10 күнге созылады. Осы ойындардың нәтижесінде ұлттық құрама шабандоздарын іріктеу көзделіп отыр. Үздік шығып көзге түскендері қыркүйек айында өтетін халықаралық Көшпенділер бәсекесінде ел намысын қорғайды.

«Әулиеата» командасының шабуылшысы Құрманбек Тұрғанбек: «Бірінші ойында үштікте жүрген Атырау құрамасын 7:2 есебімен жеңдік. Алда Түркістан, Қызылорда облысы бар. Соларға қайта дайындықты жинақтап шығуға дайындаламыз»,  – десе,  ҚР ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Мұхтар Имашев: «Байрақты бәсекеге биыл елімізден 15 команда жиналды. Алтауы  – жоғары, оғызы – бірінші лигадан. Ойын керемет өтіп жатыр. Жылда финалға Әулиеата мен Түркістан облысы шығып жүретін еді. Енді биыл сайысқа сақадай сайланып келген бірнеше командаларды көріп отырмыз», – дейді. 

 

Ермек САХАРИЕВ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 347
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 490
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 336
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 194

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18250
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18110
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33299
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31850
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35567