8-9 маусым Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің
90-шы мерейтойлық театр маусымын композитор Херман Левенскольдтың «Сильфида» балетінің жаңа қойылымымен жабады.
«Сильфида» балеті - бізге жеткен ең көне хореографиялық қойылымның жаңа дәуірін ашқан романтикалы - хореографиялық спектакль.
1832 жылдың 12 наурызында Парижде Корольдік музыка мен би академиясының сахнасында классикалық бидің дамуын анықтайтын шара өтті: алғаш рет балет әртісі пуантыға тұрды. Бұл Филоппо Тальонидың қызы Марии Тальониге қойылған Жана Шнейцхоффердің «Сильфида»балеті еді. 1836 жылы Норвегия-даниялық композитор әрі органист Херман Левенсхольдтың музыкасына, Август Бурнонвильдің қойылымында «Сильфида» балетінің тағы бір нұсқасы пайды болды. Дәл осы нұсқасы көптеген театрларда 188 жыл бойы көрермен назарына ұсынылып келеді.
Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында «Сильфида» балетінің алғашқы сахналық нұсқасы 1984 жылы 31 наурызда Эльза-Марианна Фон Розеннің редакциясында Мариин театрының солисі, балетмейстер және РСФСР Еңбек сіңірген педагогы Ксения Тер-Степанованың қойылымында ұсынылды.
Либретто Филиппо Тальони мен опера әншісі Адольфо Нурридің 1822 жылы француз жазушысы Чарльз Нодье жазған «Трильби, немесе Аргели рухы» атты новелласының негізінде жазылған. Тек Нодье поэмасында балықшының әйелі фантастикалық жаратылыс - эльфке ғашық болса, ал Нурри мен Тальонидің нұсқасында кейіпкер елес қызға ғашық болады.
«Сильфида» - жас шотланд шаруасы мен ауа періштесінің өмірі бейнеленген екі актілі балет.
Эффимен үйлену тойы қарсаңында жас шаруажұмысшы Джеймске әдемі қыз бейнесіндегі ауа періштесі келеді. Джеймс аянға таңданып, оған жақындауды армандайды, алайда Сильфида үшін кез-келген адамның жақындауы оған өліммен тең.
«Сильфида» балетінің жаңа қойылымы Алматы қаласының мәдени өміріне жаңа серпін береді, әрі қала тұрғындары мен қонақтарына жағымды жаңалық болары сөзсіз.
Қоюшы – Дирижер – НҰРЖАН БАЙБУСИНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай ат. ҚазҰОБТ бас дирижері
Қоюшы – Балетмейстер – ЛЕОНИД САРАФАНОВ, Мариин театрының әйгілі балет әртісі, «Benois de la Danse», «Золотая маска», «Золотой софит» сыйлықтарының лауреаты (Санкт-Петербург қаласы)
Қоюшы – суретші – ВЯЧЕСЛАВ ОКУНЕВ, Ресейдің халық суретшісі, Қазақстан Республикасы, Молдова, Беларус елдерінің мемлекеттік сыйлығының лауреаты (Санкт-Петербург қаласы).
Ұзақтығы: 1сағ 30 мин, антракт 25 мин.
Басталуы: 18:00 - де
Аяқталуы: 19:30 - де
Қатысушылар мен орындаушылар:
Сильфида, ауа періштесі - ЖАНЕЛ ТҮКЕЕВА
Джеймс, Аннаның ұлы - БОГДАН ВЕРБОВОЙ
Медж, балгер - ӘМІР ЖЕКСЕНБЕК
Эффи, Джеймстың қалыңдығы - АЙМАН ЕГІСБАЕВА
Анна, фермердің жесір әйелі - АЙГҮЛ ДҮЙСЕКОВА
Герн, шаруа адамы - СЫРЫМ АЮПОВ
Фото - Владимира Акуленко