Өзен арнасы толып, су ауылды басып кеткен.
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылын су басу 30 наурызда басталған. Ноғайты өзені арнасынан асып, су алты мыңнан астам халық тұратын ауылға кірген. Тұрғындардың айтуынша, халық ауылдағы мектепке орналасып жатыр.
Ауламызды тізеден келетін су басты. Құжаттар мен киімдерді жинап қойдық. Кішкентай баланы қауіпсіз ауылға апарып тастадық. Су тіпті тоқ стансасына дейін жеткен. Жарық сөніп қалуы мүмкін. Бір күнде ауылдың астан-кестені шықты,
Тұрғындар, көктемгі су тасқынына дайындалмаған әкімдікке наразы. Тіпті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті де, облыстық әкімдік те тұрғындарға су тасқыны туралы ескертпеген.
Көктемге дайын болмай шықты. Осыған дейін не бітірді? Дамбадағы су да тасуы мүмкін. Ауыл толығымен су астына қалуы мүмкін,