Атыраудағы су тасқынымен күрескен тараздық батырлар марапатталды

Атыраудағы су тасқынымен күрескен тараздық батырлар марапатталды

Оларға Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің арнайы марапаттары табысталып, дастархан жайылды.

Атырау облысындағы су тасқыны салдарын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан тараздық кәсіпорын, мекеме қызметкерлерін мапарапаттау рәсімі өтті.

Шарада Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек сөз сөйлеп, бейбіт күннің батырларын марапаттады. 

“Жамбыл облысынан Атырау облысына 100-ден аса техника мен 65 адам аттанды. Сіздер жұдырықтай жұмылып, үлкен жұмыс істедіңіздер. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің құрметін қабыл алыңыздар", - деді облыс әкімінің орынбасары. 

Мұнан кейін ол аймақ басшысының "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісі,  "Құрмет" грамотасы мен "Алғыс" хатын бас аяғы 14 адамға тапсырды. 

Марапаттау рәсімінің соңы Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

11.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 131
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 130
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 646
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 764
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 679
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 689

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8826
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8224
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11451
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9208
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10434