АУДАН ӘКІМІ БІРНЕШЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ БОЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ БІРНЕШЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ БОЛДЫ
Өткен аптада аудан әкімі Әлихан Балқыбеков Қызылтал, Бірлік, Кеңес ауылдық округтеріндегі құрылысы жүргізіліп жатқан нысандар мен жақында Хантау ауылындағы дүлей желден шатыры ұшқан С.Сейфуллин орта мектебінде болды.
Алдымен аудан басшысы Ә.Балқыбеков Мойынқұм ауылындағы Фурманов су торабындағы су қорын көріп, атбасын Кеңес ауылдық округіне бұрды. Онда Айдарлы ауылындағы спорттық сауықтыру кешенінде болып, құрылыс жұмыстарын зерделеді.
Бұл жобаны «Нурбек» ЖШС-і сомасы 326 982 мың теңге ұтып алып, құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Жалпы ағымдағы жылдың соңына дейін фундамент құю жұмыстары 100 пайызға және каркасты құрастыру жұмыстарын 100 пайызға аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда объектіні жерге орналастыру жұмыстары 100 пайыз, іргетас шұңқырларын қазу жұмыстары 100 пайызға және фундамент құю жұмыстары 100 пайыз. Жалпы құрылысты аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы деп жоспарлануда.
Мұнда ауданәкіміӘ.Балқыбеков құрылыс жұмыстарының сапалы болуы арқылы тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру маңызды екенін атап, жұмысты бұдан әрі ширатуды тапсырды. Сонымен қатар аудан басшысы Хантау ауылындағы дүлей желден шатыры ұшқан С.Сейфуллин орта мектебінде болып, мектеп шатырын қалпына келтіріп отырған жұмысшылармен тілдесті. Сондайақ шатырдың төбесіне шығып жұмыстың сапалылығын көрді.
Бұдан әрі Бірлік ауылындағы ауыз су имаратында болып, жай-күйімен танысып, округте жаңадан салынып жатқан саябақта болды. Құрылыс жұмыстары туралы округ әкімі Қуаныш Оспанов жан-жақты түсіндіріп өтті.
Сапар соңында Қызылтал ауылдық округіндегі «Байбарақ» каналының қашыртқысын көріп, Көкжелек ауылындағы магистралдықжәне суқұбырыжелілерін салу жұмыстарымен танысты. Жалпы сметалық құны 423 669 000 мың теңгені құрайтын жобаны, ТОО «СПЕЦКОММУНСТРОЙ» жүргізуде. Аталмышқұрылыстыңжүргізілубарысы туралы жауапты мердігер Ерхан Абдуллин жан-жақты айтып, 20 жұмысшы жұмыс істеп жатқанын және 5 азамат жергілікті жерден екенін тілге тиек етті.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы ауыл әкімдері мен мердігер, мекеме басшыларына халық игілігіне жаратуы үшін жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарды сапалы және барлық стандарттарға сәйкес жүйелі жүргізуді тапсырды.
Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ, Мойынқұм Таңы
18.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796