Аудан әкімі есептік кездесуде өз уәдесін берді

Аудан әкімі есептік кездесуде өз уәдесін берді

Қоғамның қам-қарекеті әр азаматтың қолайлы ғұмыр кешуі жолына бағыт алғанын аңғару қиын емес. Олардың қажеттілігін өтеу жергілікті билік өкілдерінің негізгі – міндеті. Өткен жылға өкпе жоқ. Сан-салада серпіліс байқалып, өңірдің шырайы кірді. 

 2021 жылы 13 елді мекенге газ құбыры жүргізілді. Бұл 13 ауылдың 4-еуіне табиғи отын қолданысқа берілсе, қалған 9 ауыл биыл қыс айында газ тұтынатын болады. Тіршілік нәріне қол жеткізген елді мекендерде жоқ емес. Сапалы ауызсудың шарапатын 10 ауыл көруде. Әлеуметтік, мәдени, спорттық нысандардың саны артты. Дегенмен, ауылдықтардың айтар базынасы мұнымен біткен жоқ. 

ҚР Президентінің 2016 жылдың 5 ақпанындағы №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырым билік пен тұрғындардың арасын байланыстыратын алтын көпір іспеттес.

Кезектегі мәселелердің шешімін табу үшін көпшілік аудан әкімінің есептік кездесуін күтіп жүргені белгілі. Есептік жиын – уәде мен оның орындалуы барысын анық аңғартатын басқосу. 

Бүгін Ерлан Қыдыралыұлы Тоғызтарау, Ерназар, Өрнек ауылдық округтерінің әкімі Мұхтар Шайдаев, Қайрат Әділов, Азиз Мәнтеевпен бірлесіп, өткен жылы жүзеге асырылған игіліктерді тілге тиек етіп, ағымдағы жылы атқарылатын тірліктерге кеңінен тоқталды. 

 – Жергілікті билік өкілдерінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына білек сыбана кірісетін уақыты келді. Ел Президенті өзінің «Жаңа Қазақстан» атты Жолдауында әр азаматтың қолайлы өмір сүруіне барынша жағдай жасауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды міндеттеп отыр. Бүгін алдарыңызға арнайы келіп, көпшіліктің көкейінде жүрген жайттардан құлағдар болып, оның шешілуі жолдарын қарастыратын боламыз. Өзім осында туып-өстім. Енді кіндік қаным тамған өлкеге маңдай терімді тамызып қызмет ететін мүмкіндік туып отыр. Өздеріңіздің ұсыныс-тілектеріңізді орындау жолында аянып қалмаймын, – деген Ерлан Қыдыралыұлы ұзын-сонар баяндама жасамай, сұрақтарға кезек берді.

ТОҒЫЗТАРАУ КЛУБ САЛЫНСА ДЕГЕН ТІЛЕК БАР

Тоғызтарау ауылдық клубында өткен есептік кездесуге келушілер қатары көп болды. Қарасы қалың нөпірдің айтар тілегі де аз емес. Тоғызтараулық Айтмұханбет Тұтқышбаев «Сұлтан» каналы бойындағы көпірдің қирауына байланысты жаңа көпірдің құрылысын жүргізуді, Рахман Төлеков Т.Рысқұлов көшесіне шағал тас төсеу керектігін, Сабитхан Қожанов, Алпысбай Жұмабеков ауылдың мәдениетін көтеру үшін клуб қажеттігін, сондай-ақ егістік жерді ылғалдандыруға Аса өзенінінң бойынан су қағар орнатуды сұрады.

Тұрғындар тілегін мұқият тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы су қағар орнату мен көпір салу назарға алынғанын, бұдан бөлек айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асыралатынын жеткізді. 

Жиынды қорытындылаған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кендебай Оңғарбаев аудан мен ауыл әкімінің есебіне қанағаттандырарлық деген бағасын беріп; жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

ЕРНАЗАР АҒЫН СУ МЕН ЕГІСТІК ЖЕР СӨЗ БОЛДЫ

Ауылдық мәдениет ошағында өткен басқосуда ерназарлықтар ағын су мен егістік жердің тапшылығын көтерді. Зейнеткер Бейшенәлі Әлімбеков егістіке суландыру мәселесі шешімін таппай отырғанын, Сұлукөл арқылы Базарбай мен Шиелі каналдарынан бір құлақ су тартуға қолғабыс етуін аудан әкімінен өтінді.

Тұрғынның сауалына аудан басшысы:

 – Ауыларуашылығы саласынада талай жыл еңбек еттім. Сіздің жағдайыңызды жақсы түсініп отырмын. Ағын суды тиімді пайдалану үшін 19,4 шақырымды құрайтын Базарбай мен 15.2 шақырымға созылған Шиелі каналдарының табанын бетондау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта судың ысырапсыз пайдалануын қамтамасыз ететін боламыз. Сұрағыңызды қағазға түртіп алдым. Айналысатын боламыз, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.

Келесі кезекте Өңғар Өрпеков Әбілхайым көшесінің трансформаторы қажетті қуат көзін тарата алмай отырғанын, көшеде жарық көзі жиі сөнетінін қынжыла жеткізді. 

Зейнеткердің сауалына аудандық электр жүйесінің бастығы Абдулвахас Құрбанов жауап беріп, қуат көзін тұрақтандыру бойынша тиімді ұсынысын басшылыққа жеткізді. Ерлан Қыдыралыұлы бұл мәселе жеке бақылауында болатынын, алдағы уақытта реттелетінін жеткізді.

Сондай-ақ ауыл азаматтары Жаманқұл Түгелбай атындағы күрес залын әкімдік меншігіне алу бойынша құжаттарын заңдастыра алмай жүргенін жеткізді. Өңір басшысы аталған залды арнайы барып көріп, теңгерімге алу жұмыстарын қолға алатынын, сондай-ақ ауылдағы ашық алаңның жасанды тоғанын төсеу үшін ауыл әкіміне жобалық-сметалық құжатын жедел әзірлеп, аудан әкімдігі экономика бөліміне ұсынуды тапсырды.

ӨРНЕК АУДАН БАСШЫСЫ АУЫЛ ИМАМЫНЫҢ ӨТІНІШІНЕ ӨЗ УӘДЕСІН БЕРДІ

Өрнек ауылдық клубында өткен есептік жиында аудан басшысы округте бірқатар жұмыс тиянақталып келе жатқанын жеткізді. Мәселен, Әшімұлы, Мұқанов, Әбілдәұлы, Саухатов көшелері асфальттанғанын, ауылдық Мәдениет үйінің құрылысы осы айда пайдалануға берілетінін айтты.

Өрнектік тұрғын Болсынбек Сариев 2005 жылы пайдалануға берілген ауыз су жүйесінің тозығы жеткенін, Тастемір Бижігітов жөндеуден өтіп жатқан каналардың құрылысы баяу екенін алға тартты. 

Келесі кезекте сөз алған Мадахмет Сариев ел батырлары: Ә.Молдағұлова, М.Мамбетова көшелері мен қиылыстары асфальттанса деген тілегіне жауап сұрады. Өңір басшысы аталған көшелерге жобалық-сметалық құжаттары әзірленгенін, бюджеттік нақытылауда тағы бір қарайтынына сендірді. Сондай-ақ өңір басшысы Тамдыбек Арызбаевтың спорт кешені қажеттігі туралы өтінішін айтқызбай түсініп, бүгінде әмбебап залы бар спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттары ұсынылғанын, алдағы уақытта жақсы жаңалық орын алатынын айтты.

Сондай-ақ ауыл имамы Оңласын Атыхаев Жұма стансасындағы 3 шақырымды құрайтын Көктебе көшені тозығы жеткенін, Өрнек және Жұма стансасына бейнебақылау камералары қажеттігін түсіндірді.

 – Ауыл ақсақалдарының ауыл-аймақтың жайын күйттеп, шешілу жолдарына араласуы қуантады. Өзіңіз айтқан Көктебе көшесі және Жұма мен Өрнек ауылдарына бейнебақылау камераларын орнатуға уәде беремін, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.

Ауыл азаматтары өңір басшысының жұмысына береке тілеп, қанағаттандырарлық бағасын берді. 

Есептік жиынға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов және тиісті бөлім басшылары қатысып отырды.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, аудан әкімінің баспасөз хатшысы
01.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 136
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 173
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 170
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 136
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 281
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 283
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 498
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 456

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9154
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9548
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10761