Аудан әкімі Игіліктегі жүгері алқабын аралады

Аудан әкімі Игіліктегі жүгері алқабын аралады
Игілік ауылдық округінде егін шаруашылығы қарқынды дамуда.
Ауылдық округке қарасты шаруа қожалықтарының 90 пайызы егіншілікпен айналысады. Биылғы жылы шаруалар 600 гектар жүгері, 320 гектар күздік бидай, 405 гектар арпа, 900 гектар мақсары, 200 гектар жерге жаңа жоңыршқа екті.
Аудан әкімі Сәкен Мамытов Игілік ауылындағы «Игілік» өндірістік копперативінің жүгері алқабын аралады. Копператив төрағасы Аслан Аманов аудан басшысына копперативтің жұмысын, биылғы егіннің жағдайын баяндады.
Копператив төрағасының айтуынша биыл «Игілік» өндірістік копперативінің егістік жерінде 30 гектар жүгері, 30 гектар арпа егілген және 200 гектар жоңыршқа бар. Копперативке 152 адам мүше.
Жүгерінің жайын білетін игіліктіктер биыл да жүгеріден ойдағыдай өнім алуды көздеп отыр.
Сарысу ауданы әкімдігі
28.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14285
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14218
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29364
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28001
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31532