Мойынқұм ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы Орталық стадионда Мойынқұм ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «12 тамыз – Халықаралық жастар күніне» арналған аудандық кіші футбол турнирі өткізілді.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Ә. Балқыбеков қатысып, алдағы додаға сәттілік тілеп аудан жастарын атаулы мерекемен құттықтады.
Турнирге жалппы аудан бойынша 16 команда қатысты
Аудан әкімі Ә.Балқыбеков жарыс нәтижесімен оқ бойы озып шыққандар қатарындағы
1 орын “Мойынқұм ДОСТАР”
2 орын “Мыңарал”
3 орын “Күшаман 1”
4 орын “Көкжелек”
командаларын арнайы кубок, медаль, грамота және сыйлықтармен марапаттап қалған 12 командаға арнайы алғыс хаттар табыс етті.
• Бүгінгі іс шараның мақсаты Жасөспірімдер мен жастардың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту бойынша Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын орындау;
• Жасөспірімдер, жастар мен ересектердің бос уақытын тиімді пайдалану;
• Жасөспірімдер, жастармен ересектер арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
• Аудан тұрғындарын спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру;
Спортшылар арасында достық пен өзара татулық қатынастарды дамыту.