АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы аудан активімен есептік кездесу жиыны өтті.
Жиынға Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімінің аппараты, жергілікті қауымдастық пен ардагерлер кеңесінің төрағалары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Жиынды аудан әкімі Сәкен Мамытов ашып, жүргізді.
Есептік кездесудің күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы» аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Л. Ерсейтова хабарлама жасады. Өз сөзінде хабарламашы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, алдағы жоспарлар туралы хабардар етті.
Күн тәртібіндегі қосымша мәселе «Аудандағы сайлау учаскелері және сайлаушылар тізімін өзектендіру, әр сайлаушының мәліметтеріне тұрғылықты мекенжай кодтарын енгізу жұмыстары туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рысдәулет айтып өтті.
Жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар түсті. Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкелов қорытынды сөз сөйлеп, түскен сұрақтарға жауаптар берді.
Есептік кездесу соңында сайлау науқанында жоғары белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматтар Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының, аудан әкімінің Құрмет гармотасымен, Алғыс хаттармен марапатталды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
27.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1098
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7144
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10996
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7208
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7352