Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 30 қарашасы күні "Құзыреттілікке бағытталған кәсіби технологиялар"тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің аудандық семинар кеңесі өтті.
Семинар кеңестің мақсаты: көркем еңбек пәнін оқытуда педагогтардың жаңа ұғымдағы білім сапасын жобалау және қамтамасыз ету қабілетін анықтайтын кәсіби тұлғалық құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Семинар кеңесте Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жолдасбекова Гауһартас, Ы.Алтынсарин орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Байбеков Мейірбек, Талапты орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жумабаев Рахат, Шона Смаханұлы негізгі мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Айдаралиева Гүлнара, Бөлтірік Әлменұлы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мұхтаров Ғазиз өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар кеңеске барлығы 34 көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинар жұмысын қорытындылау барысында әдістемелік кабинеттің әдіскері Сауле Жақсылыққызы өз тәжірибелерімен бөліскен, мазмұнды жұмыс ұсынған мектеп педагогтарына алғыс жариялады.