Бүгін Шу аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Дені сау ұрпақ- ұлт болашағы" атты аудандық веложарыс өткізілді.
4 шақырымдық додада барлығы 20 қатысушы бақ сынап, жүзден жүйрік атанғандары мәре сызығын кесті.
Аудан орталығындағы С.Шәкіров атындағы орта мектептен басталған жарыс орталық алаңда аяқталды.
Велошабандоздарлдың ішінде Самат Бұралқиев бірінші орынды иеленсе, Ахмет Маратұлы екінші орынды еншіледі. Сол секілді Санжар Аралбек үздік үштікті түйіндеді. Сонымен қатар Айгүл Бәкірова мен Балжан Құмар сынды бұрымдылар бағалы сыйлыққа ие болды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Аталған шара 7 сәуір - дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылып отыр. Оны басты мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас буынды спортқа баулу болып табылады.