Әуе кемесінің бортында темекі шеккен кәмелетке толмаған жолаушы қыздың заңды өкіліне айыппұл салынды

Әуе кемесінің бортында темекі шеккен кәмелетке толмаған жолаушы қыздың заңды өкіліне айыппұл салынды
SCAT әуекомпаниясының «Атырау-Тараз» бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін Тараз қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері акт бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды.
Тексеру барысында көлік полицейлері Атырау қаласының 15 жастағы тұрғынын анықтады. Ол ұшу кезінде ұшақ салонында электронды темекі шеккен.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Сақшылар оған темекі шегудің, алкогольді ішімдік ішудің және басқа да қауіпті психотроптық заттардың денсаулыққа зияндылығы туралы айтты. Сондай-ақ ұшақ бортында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндірді.
Бұдан бөлек, қыздың заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігімен, яғни кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Көліктегі ПД қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 45 962 азаматты, оның ішінде, әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін 213, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 70 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
09.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1163
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7212
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11075
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7276
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7423