Әуесқой бокс: Серік бастап, қалғандары қостады

Әуесқой бокс: Серік бастап, қалғандары қостады

Таиландтың Пхукетте қаласында бокстан Thailand Open-2022 атты халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекенің ақтық айқастары барысында шаршы алаң төріне алғашқы болып шыққан қазақстандық боксшы Серік Теміржанов турнирдің алтын медалі үшін таласты.  57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол филиппиндік Ян Кларк Баутистамен жұдырықтасты. Жекпе-жек нәтижесі бойынша Теміржанов төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Баутиста турнирдің күміс жүлдегері атанды. Бұдан басқа ақтық сында тағы да төрт жерлесіміз бақтарын сынады. Солардың ішінен ағайынды Нұрбек Оралбай (81 кг) мен Айбек Оралбай (91 кг) алтыннан алқа тақса,  Сұлтан Мусинов (63 кг) пен Асланбек Шымбергенов (69 кг) күміс медальды еншіледі. Санатәлі Төлтаев (63 кг), Аятолла Тәкіжанов(75 кг), және Сағындық Тоғамбай (91 кг) қола медальға қол жеткізді. Аталған турнирде әлемнің 14 елінен келген 130 боксшы турнир жүлдесін сарапқа салды. Жалпыкомандалық есепте жүлдегерлер қатары төмендегіше: 1. Таиланд 3-4; 2. Индия – 3-3;  3. Казахстан – 3-2; 4. Филиппины – 1-1. Орындар алтын мен күміс медальдар саны бойынша анықталды. 

 

 

Ермек САХАРИЕВ
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 347
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 490
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 336
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 194

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18250
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18110
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33299
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31850
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35567