«Ауыл Аманаты» бағдарламасы биыл да жалғасады

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы биыл да жалғасады

АШМ басшысының орынбасары бағдарламада жылдық 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге шағын несие беру көзделгенін еске салды. Шағын несиенің ең жоғары сомасы — 2,5 мыңға дейін АЕК (9,2 млн теңге), ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін — 8 мыңға дейін АЕК (29,5 млн теңге). Бағдарламаны іске асыруға 2023 жылы 100 мың шағын несие беруге 17 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 82,4 млрд теңгеге 13,2 мың шағын несие берілді.

 

Жалпы алғанда, шағын несиелеу бағдарламасы ауыл тұрғындарын негізінен мал шаруашылығының дамуы қызықтырады — бұл салаға 79% немесе 65,1 млрд теңге тиесілі.

Ауыл шаруашылығы министрлігімен «АӨК-дегі ЭСТО» ЖШС-мен бірлесіп «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін әзірледі. Жүйе несие алуға электронды өтінім беруге мүмкіндік береді, бұл ауыл тұрғындары үшін бағдарламаның қолжетімділігін арттырады. Қазіргі уақытта жүйе Жамбыл облысында іске қосылды, сондай-ақ жақын арада ол Ақтөбе және Алматы облыстарында жұмыс істейтін болады.

 
 

Сонымен қатар, «Ауыл Аманаты» аясында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға ерекше көңіл бөлінді — бүгінгі таңда 6,2 млрд теңгеге 299 кооператив қаржыландырылды. Кооперацияны ынталандыру үшін инвестициялық субсидиялау кезінде артықшылық пен жоғары нормативтер көзделген, онда ауыл шаруашылығы техникасының жекелеген түрлері мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған жабдықтардың құны жергілікті бюджет қаражаты есебінен 35-50% -ға дейін ұлғайтылады.

Салық кодексінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін салықтың бес түрі бойынша (корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, көлік құралдары салығы) 70% жеңілдікті көздейтін арнайы салық режимі көзделген.

Сондай-ақ, Ербол Тасжүреков бағдарлама бойынша қаржыландыруға ие болған АШМ жетістіктерімен бөлісті. Мысалы, Қызылорда облысында алғашқылардың бірі болып шағын несиені Бидайкөл ауылындағы «Барлыбай және К» кооперативінің томат пастасын өндіретін цех алды. Цехтың қуаттылығы — тәулігіне 2 тонна өнім. Бүгінде сынама ретінде 25 мың банка томат пастасы, аджика, салат дайындалды. Кәсіпкер сапа сертификатын алды, ал жобаны іске асыруға кооператив мүшелері ретінде тұқыммен, көшеттермен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілетін ауыл тұрғындары тартылады. Олардың өнімдері томат пастасын өндіретін цехқа қабылданады.

Ербол Тасжүреков жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін сараптамалық топ құрылғанын, ол нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлігінде ұсыныстар бергенін айтты.

Қорытындылай келе, вице-министр бағдарламаны іске асыруға 2024 жылы 100 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын жеткізді. Қаражат жетіспеген жағдайда облыс әкімдіктері жергілікті бюджет қаражатынан шағын несиелендіруге қосымша қаражат бөлу мүмкіндігіне ие болады, бұл ауыл мен шағын қалалардың тұрғындарын несиелендірумен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 228
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 226
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 728
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 851
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 764

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8920
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8314
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11541
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9298
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10526