«Ауыл аманаты - ел аманаты» атты республикалық экспедициясы Байзақ өңіріне келді

«Ауыл аманаты - ел аманаты» атты республикалық экспедициясы Байзақ өңіріне келді
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сәуле Мешітбайқызы бастаған «Ауыл аманаты - ел аманаты» атты республикалық экспедициясы Байзақ өңіріне келді. Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналы мен қоғамдық әлеуметтік-танымдық сайтымен бірлескен экспедиция Ынтымақ ауылдық округінде болып, «Біздің жетістіктеріміз» тақырыбында Мәдімар ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті Сәуле Мешітбайқызының іссапары ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, ауылдық округтердің ақсақалдар және аналар кеңестерінің төраға, төрайымдары, мәдениет, білім беру саласы қызметкерлері, жастар және Мәдімар ауылы тұрғындарының қатысуымен өткен кездесуге ұласты. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов ашып, жүргізіп отырды.
Талғат Салқанұлы тәуелсіз еліміз бен ұлттық руханиятымыздың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Сәуле Мешітбайқызының өзекті мәселелерді көтерудегі бастамашылдығы, ойға алған, жоспарлаған іс-жобаларын шеберлікпен көпшіліктің қолдауы арқылы жүзеге асыра білетін іскерлігі, өсіп келе жатқан жастардың бойында қазақстандық патриотизмді сіңіру, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілдің дамуына, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі ерен еңбегін айрықша атап өтті.
 
Сәуле Мешітбайқызы өз сөзінде республикалық экспедицияның негізгі мақсат-міндеттері, алдағы жоспарлары жөнінде кеңінен сөз қозғады. Ұрпақ тәрбиесі, ұлттың болашағы, ұлттық құндылықтар Еланасының ой толғауының өзегіне айналды. Отбасындағы бірлік Отанға деген сүйіспеншілекке ұласатын алға тартып, ұлттық құндылықтар туралы көпке ой сала сөз қозғады.
Еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Асан Әлмақашұлы кездесудің маңыздылығына тоқталып, әлеуметтік желінің қоғамдағы орны, мектеп ұстаздарының беделі, жастар тәрбиесі төңірегінде ой қозғап, Мәдімар ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндап берді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары атынан Мәдімар болыстың өмірінен сыр шертетін «Дара тұлға» кітабын сыйға тартты.«Қ-Байден» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Рахымбек Кәрібаев «Ауыл аманаты» жобасының ел еңсесін көтеруге зор үлес қосып отырғанын, нәтижесінде жоба арқылы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жөнінде ақпарат берді. Жалғызтөбе ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалмахан Бекмаханбетов те ой қозғап, күн тәртібінде көтеріліп отырған ұлттық құндылықтар жайлы пікірін жеткізді.
«АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева халықты рухани байытуға бағытталған «Кітап Аманат» жобасының бастау алып, іс жүзіне асырылып жатқанын, партияның басқа да жобаларының бағыт-бағдарына тоқталды. Ақпараттық, құқықтық, діни сауаттылықтың төмендігінің себептері туралы пікірін білдірді. Ардагерлер, аналар, әкелер кеңесінің жұмысын үйлестіру жұмыстарын жандандыру керектігіне баса назар аударды.
Кездесу соңында Сарыкемер ауылындағы балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары шағын концерттік бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаға сәйкес, «Күй керуен» үйірмесінің оқушылары халық күйі «Нәрағашты» нақышына келтіре орындаса, Мырзатай ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Ұланбике Сейдуалиева «Нурикамал», Есенғали Нұрдәулет «Мен қазақтың баласы» әндерін әуелете шырқады. «Сырғалым» би үйірмесінің оқушылары қазақ биін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
- Ел алдында тұрған басты міндет - Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету, жаңа дәуірге, Әділетті Қазақстанға аяқ басқан тұста жас буынның бойына ұлтына және ұлттық құндылықтарына деген құрметті қалыптастыру, ішкі саяси тұрақтылық пен бірлікті сақтау, яғни, қазіргі таңда, ұлттық құндылықтары дәріптеу, ұлттық болмысымызды сақтап қалу турасында айтылған тың ойлар мен ұтымды пікірлердың маңызы зор деп білеміз – деп, кездесуді қорытындылаған Талғат Салқанұлы «Ауыл аманаты - ел аманаты» мәселесін көтеріп, көпшілікке ой тастаған, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін көтеріп отырған Сәуле Мешітбайқызына кездесу қатысушылары атынан алғысын білдірді.
Байзақ ауданы әкімдігі
04.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 84
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 196
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 414
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 377
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 996

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9072
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8470
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11696
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9459
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10676