Ауыл аналарының мәртебесін көтеруге арналды

      Ауыл аналарының мәртебесін көтеруге арналды

Осы апатының басында аудандық аналар алқасының ұйытқы болуымен Тегістік ауылында «Ауыл аналарының мәртебесін көтеру» тақырында семинар өтті. Шараның басты мақсаты - отбасы құндылықтарын сақтау, ұлттық тәрбиені насихаттау, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғырту, ақ кимешекті дәріптеу.

Айтулы шара аудандық «Ақ әже» ансамблінің мүшелері, ақ кимешек киген бір топ аналар шеруінен басталды. Тегістік ауылының кіреберісінен бастап, Әзімбек Жанқұлиев атындағы мектепке дейінгі аралықта халық әндерін әуелете шырқаған әжелеріміз Спанкеліні Зояның шаңырағында болып, шұбат әзірлеудің әдісіне қанықты. Салқын шұбаттан дәм татқан соң, ары қарай Қиялбеккеліні Маржанның отбасына атбасын бұрды. Маржан күбіде айран пісіп, алынған сары майды оттан шыққан ыстық таба нанмен араластырып, ақжаулықты аналарға ұсынды. Әрмен қарай қонақтар мен бір топ аналар білім ошағының алдыңғы  жағына  тігілген киіз үйге кіріп, ондағы сандық, құрақ көрпе, текемет, ағаштан жасалған астабақ пен тостағандарға қызығушылық танытты. Киіз үйдің жанында тас диірменді тартып, жүн сабады,----- Көрмеге қойылған ұлттық тағамдар: құрт, бауырсақ, талқан мен тарыдан, шұбат, қымыз, ашымықтан дәм татып, жүннен, моншақтан тоқылған бұйымдарды тамашалады.

 Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған іс-шара «Қызғалдақ» бишілер тобының «Шашу» биімен ашылды. Тегістік ауылы Билер кеңесінің төрағасы Аманғазы Халықов өтіп жатқан  жиынның маңыздылығын атап өткен соң, «Ақ әже» ансамблінің орындауындағы «Жолыққан қандай жақсы» әні көпшіліктің ыстық ықыласын тудырды. Семинардың ашылуында аудандық аналар алқасының төрайымы Шырын Қапарова сөз сөйлеп,  облыстық «Дәстүрлі жол-Қазақ аналары» қоғамдық бірлестігінің алдына қойған мақсатына тоқталды. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықты дарытып, салт-дәстүрді санаға сіңіре отырып, тәрбиелеудің маңызына, ұлттық киімдерімізбен бірге,  ұмыт бола бастаған тағамдарымызды насихаттаудың өзектілігін атап өтті. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға екпін сала келе, аудандық аналар алқасының мүшелері балабақшаларға барып, бүлдіршіндерге ертегілер оқып беру бастамасы өз нәтижесін беріп отырғандығын әңгімеледі. Тегістік ауылдық округінде аналар алқасының төрайымы болып, жаңадан іске кіріскелі отырған Сәулеш Қилыбаеваның жұмысына сәттілік тіледі. Бұдан соң ретімен сөз алған Жамбыл облыстық аналар алқасының төрайымы Хадиша Оспанова, облыстық «Қызыл Ай» қоғамының жетекшісі Оразкүл Тастемірова, Меркі ауданы «Дәстүрлі жол-Қазақ аналары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сабыркүл Сіргелбекова, қадірлі қонақтар Ерсін, Несібелі, Қалия, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков, Темірбек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Елемес Есімов, Шахан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қырықбай Айнабеков, Темірбек ауылдық округінің әкімі Артур Утебаев  ретімен сөз алып, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру, тәрбие мен дәстүрді ұлықтау, отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, ел бірлігі сол арқылы дәстүр сабақтастығына дәнекер болуда аналар рөлінің басым екендігін айтып, игілікті шараның көпшілікке беретін пайдасы зор екендігін айтты. Мұнан соң жиналған қауым назарына «Салтын сақтаған ауыл» тақырыбында тегістіктік аналар текемет басу көріністерін көрсетті. Аудандық аналар алқасының төрайымы Шырын  Қапарова «Кимешек-киелі бас киім» екендігін айтып, жиналғандар арасынан ортаға шыққан қыздың басына тақияны, келіншектің басына ақ орамалды, әженің басына  арнайы тігіп әкелген кимешекті кигізіп, ұлттық киімдеріміздің қадір-қасиетін түсіндірді. Ауылдың ибалы келіндері қазыналы қарияларымыз бен ақ жаулықты аналарымызға иіліп сәлем салып, баталарын алды.

   Кезек әсем ән мен күміс күйге берілді. Келген қонақтар  халық әндерінен шашу шашса, Темірбек ауылының тұрғыны, зейнеткер Бейсекүл Жексенбиева ауылдың алты ауызын шырқады. Аудандық «Ақ әже» ансамблінің орындауында халық әндері, аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің әншілері, темірбектік жас өнерпаздардың әдемі әндері, әсем билері шараның көркін одан әрі қыздыра түсті.

 Маңызды мәселенің мәні үлкенге де, кішіге де ой салды. Ақ жаулық аналарымыздың атсалысуымен өткізілген семинардың соңында бір топ белсенді аналарға ұйымдастырушылар тарапынан  Алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар жиынның жоғары деңгейде өтуіне Шахан ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Жазира Кисиқұлова үлкен еңбек сіңіргенін атап өткен жөн секілді.

Байзақ ауданы
13.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 126
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 163
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 159
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 126
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 274
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 486
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 446

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9144
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8542
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11771
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10750