АУЫЛ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖАМБЫЛДА ӘРІ ҚАРАЙ ЖАЛҒАСУДА

АУЫЛ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖАМБЫЛДА ӘРІ ҚАРАЙ ЖАЛҒАСУДА

«Qazaqstan dauiri» газетінің  «AMANAT» партиясы,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі,  ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Ауыл» партиясы, «Ардагерлер кеңесі» РҚБ,  «ЕлАна» сайты, «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен «Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» атты дәстүрлі экспедициясы  Абай, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында жалғасуда

 

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Qazaqstan dauiri» газетінің бас директоры, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы Әулиеата өңіріне «Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» атты дәстүрлі экспедициясымен келіп, түрлі сала өкілдерімен мазмұнды кездесулер өткізуде. Ауыл мен қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылап, оларды шешу жолдарын ортақ талқыға салу – бұл сапардың басты мақсаты.

Жамбыл облысы әкімінің аппаратының басшысы  Лесбек Ілебаевтың қабылдауында

Сол кездесулердің бірі Жамбыл облысы әкімдігінде өтті. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен ұйымдастырылған жиынға облыстық басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Жиын барысында Серік  Жақсылықұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында көтерілген жаңа идеологиялық бағыттарға тоқталып, оны ел ішінде түсіндіру мен жүзеге асырудың маңызын атап өтті. 

«Qazaqstan dauiri» газетінің Бас директоры Сәуле Мешітбайқызы сөз алып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларының негізгі өзегі білімді ұрпақ тәрбиелеу екендігіне тоқталды.

Кездесу барысында Мойынқұм, Шу, Жуалы және Меркі аудандары әкімдерінің орынбасарлары да жастар тәрбиесі бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, өз аудандарындағы нақты жоспарлармен бөлісті.

Көтерілген  мәселелер  –  ауыл мен ұлт болашағын бір арнада тоғыстыратын өзекті тақырыптар.

Экспедиция бұдан ары аудандарға жол тартты. Сапардан көргендеріміз бен көңілге түйгендерімізді газетіміздің алдағы сандарынан оқисыздар.

04.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 352
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 347

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20650
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20439
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35537
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34102
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37971