Ауыл медицинасының ахуалы қандай?

Ауыл медицинасының ахуалы қандай?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ауыл медицинасы даму жолына түсті. Дегенмен кейбір тұрғындардың толыққанды ақпаратқа қол жеткізе бермеуі мүмкін. Сондықтан да біз «Ауыл азаматы науқастанып қалған жағдайда қайда барып ем алады, диагностика, дәрігер кеңесі немесе қымбат ота жасау қажет болған сәтте қандай әрекетке көшкен жөн?» деген сұрақтармен Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Зәуреш Қадырбековамен әңгімелескен едік.

– Зәуреш Қалқаманқызы, ауылдықтар науқастанып қалып, диагностика керек болған жағдайда не істеуі қажет?
– Жалпы қандай да бір медициналық көмек қажет болған кезде алдымен учаскелік дәрігердің қабылдауына келу керек. Өйткені өзінің жұмыс атқаратын бекітілген учаскесінде кім немен және қалай ауыратындығын жақсы біледі. Бұл үшін әрбір елді мекенде дәрігерлік амбулатория немесе медпункт бар. Қандай да шағым болса, науқас учаскелік дәрігерге хабарласуы қажет. Науқастың жағдайын бағалағаннан кейін дәрігер оған ем тағайындайды немесе аудандық аурухананың мамандандырылған дәрігерінің кеңесіне жібереді. Шұғыл көмек қажет болған жағдайда науқасты жедел жәрдеммен ауруханаға жібереді.
– Мәселен, науқас травматолог дәрігерге жолдама алды делік немесе кеңесіне жүгінуі керек. Одан ары қарайғы процесс қалай жүреді?
– Аудандық аурухананың тіркеу бөліміне 7-90-37 телефоны немесе оның медициналық ұйымында енгізілген медициналық ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасы арқылы жүгінуге болады. Егде жастағы адамдарға бұл мәселе бойынша ауылдық медбике жәрдем беруі мүмкін. Дәрігер қабылдауына жазылғаннан кейін пациент, егер сақтандырылған болса, қосымша диагностикадан өтеді. Оның нәтижелері бойынша ем тағайындалады, соның ішінде шұғыл емдеу де бар. Дәрігер науқасты госпитализациялау бюросы арқылы тіркеп қояды, одан соң операция күні таңдалады.
Қайсыбір бейінді маман болмаған жағдайда немесе қажетті диагностикалық қызмет болмаса, пациент бірлесіп орындау шарты бойынша оның ауруханасы басқа медициналық ұйымға жіберіледі. Сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру бойынша қажетті қызметтерді көрсететін және Қордың дерекқорына енгізілген емхананы азамат өзі таңдай алады.
– Шарттың жоқтығын сылтау етіп, маман пациентке жолдама беруден бас тартуы мүмкін бе?
– Ондай құқықтары жоқ, өйткені жазылған жолдама және көрсетілген қызмет негізінде шарт автоматты түрде жасалады. Аудандық орталық аурухана толықтай УДЗ және рентген-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Толыққанды зертханалар жабдықталған. Екі жылдан астам уақыттан бері Қордай ауданында компьютерлік томография қызметі көрсетіліп келеді. МРТ аппараттары жайлы айтар болсам, олар қалалық клиникаларда бар. Сондықтан мұндай зерттеу қажет болғанда ауылдықтарды қалаға жолдаймыз. МӘМС бойынша диагностикалау үшін де жақын күндерге жолдама қалыптастырылады.
– Ауыл тұрғындары үшін стоматология қызметтері қолжетімді ме?
– Иә, жоспарлы түрде МӘМС аясында 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер стоматологиялық қызмет ала алады. Жедел стоматологиялық қызметтер халықтың 10 санаты үшін қолжетімді: 18 жасқа дейінгі балалар; жүкті әйелдер; Ұлы Отан соғысының ардагерлері; мүгедектер; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар; жасы бойынша зейнеткерлер; атаулы әлеуметтік көмек алушылар; айналасындағыларға қауіп төндіретін жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар науқастар; жұмыс істемейтін, мүгедек балаға күтім жасаушылар; I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыссыздар. Бұл азаматтардың барлығы міндетті түрде сақтандырылуы керек. Өйткені стоматологиялық қызметтер МӘМС тізіміне енгізілген.
– Науқасқа оңалту шаралары қажет болған жағдайда аудандық ауруханада ем алуға болады ма?
– Ауылдық науқасқа медициналық оңалту қажет болса, курсты реабилитолог немесе дәрігерлер тобы тағайындайды. Күндізгі стационар деңгейінде оңалтудың үшінші кезеңі жүргізіледі. Ол физиотерапия жаттығуларын, физиотерапияны, уқалауды қамтиды. Дегенмен емделушінің қалауы бойынша оңалту емін басқа қалада алуға болады. Бірақ алдымен таңдалған оңалту орталығының мүмкіндіктері мен кестесін нақтылау маңызды.
Өздеріңіз білетіндей, оңалту қызметі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы көрсетіледі. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізуде. Операциядан кейін жүздеген мың теңгеге оңалтудан өтуді әркімнің қалтасы көтермейді, оның үстіне көбіне жыл сайын бірнеше оңалту курсынан өту қажет. Ал МӘМС бойынша сіз жоғалған қабілеттерді қалпына келтіріп, өмір сүру сапасын тегін жақсарта аласыз.
– Аудандық орталық аурухананың мамандары аулаларды аралап, қоңырау шалып, тұрғындарды скринингтік қаралуға шақыруда. Оны өту аса маңызды ма?
– Әрине, скринингтік қаралу – аурудың алдын алуда алғашқы қадам. Соның арқасында кез келген ауруды бастапқы кезеңде анықтап, емдеуді бастауға болады.
Шалғай ауылдарда тұратын тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін ауданда жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Оның көмегімен скринингтер, медициналық тексерулер, зерттеулер жүргізіледі, сонымен қатар сол жерде қажетті көмек көрсетіледі.
Жалпы Қордай ауданы бойынша 2023 жылы 25 352 адам профилактикалық тексеруден өтуі тиіс. Оның ішінде 18-29 жас аралығындағы 11 300 адам бар. Бүгінге дейін 5 775 адам қаралды. Бұл 51,1 пайызды құрады. 30-70 жас аралығындағы 14 052 адам өтуі тиіс болса, 8 630 адам тексерілді. Бұл – 61,4 пайыз. Артериальді гипертензиясы бар 587, асқазан-ішек жолдары ауруымен 100, бүйрегінде дерті бар 54, сүт бездерінің қатерлі ісігі бойынша 235 анықталды. 5 адамда глаукома, 93 адамда жатыр мойны обыры байқалды. Қазіргі уақытта бұл адамдардың бәрі де ем алып жатыр.
Жоғарыда аталған жастағы адамдарға өздерінің тұрғылықты жері бойынша учаскелік терапевке қайырылып, скринингтік қаралуға жататындығын анықтау керек. Профилактикалық тексеруден емханаларда өтуге болады, ал басқа елді мекендердің тұрғындары өз ауылындағы емдеу-профилактикалық мекемесіне жолығуы тиіс.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Ләйлім ДОСЫМБЕКОВА, журналист, Қордай ауданы
28.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11730
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711