АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Түркістан облысында алғаш рет зиянкестермен күреске робототехниканы пайдалану жолы таныстырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткемен “шайқасқа”дрондарды қолдануды қарастырып жатыр. Өңірге жұмыс сапарымен арнайы келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге үйірлі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен, Келес және Сарыағаш ауданының тұрғындармен кездесті. Фитосанитариялық шаралардың жүргізілуіне 100-ге жуық техника жұмылдырылады.
Министр мердігерлерге күресті күшейтуді, өңдеуді дер кезінде аяқтауды және техника санын арттыруды тапсырды. - Мойындарыңызға алған істі жауапкершілікпен атқарыңыздар. Жұмысты тоқтатпау керек. Техника қажет болса, ерте қамдану керек. Көмек қажет болса, оны да айтқан дұрыс. Мамыр айының алғашқы онкүндігінде бұл жұмыстарды толық аяқтау керек. Әзірге ең тиімді саналатын әуемен залалсыздандыруды арттыру керек, - деді мердігерлермен кездескен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров. Сондай-ақ «EAVISION Robotics Technologies» компаниясының Вице-президентімен зиянкестермен заманауи күрес жолын талқылады. Атап айтқанда, дрондарды пайдалана отырып, жәндіктерді анықтау аумақтарының мониторингін енгізу туралы болды. Бұл болашақта жерді фитосанитариялық өңдеуді дәлірек жүргізуге мүмкіндік береді. Марокко шегірткелермен күресудің озық тәжірибесі шетелде қолданылып жүр. Аталған компания Алматы қаласында қытай инвесторларының қолдауымен бірлкескен зертхана ашқан. Дрондар мен өздігінен басқарылатын құрылғыларды қолданумен қазақ-қытай бірлескен кәсіпорны айналысуда. Робототехниканың көмегін көрші өңірлерде дала жұмыстарында да пайдалана бастаған. Осылайша озық технологиялар көмегімен шаруалардың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік мол. Қытай инвесторлары өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы саласына робототехниканы енгізу үлкен сұранысқа ие. Дрондар техника бара алмайтын, адам аяғы жете бермейтін құм, өзен алқабы секілді жерлерді зиянкестерден оңай арылтады. Бұл құрылғылар алдын ала барлау нәтижесімен, GPS картаға тек зиянкестермен күресу үшін енгізілген жерлерді тура тауып, жояды. Флора мен фаунаға зиянды әсері жоқ. Мамандар адам қолы жете бермейтін аумақтарға өздігінен басқарылатын құрылғыларды пайдаланған тиімді екенін айтады. Бір дрон 1 сағатта 180 га жерге дәрі себеді. Мамандар зиянкестердің толық жойылатынына кепілдік береді. Жаңа технологияны жергілікті мамандарға үйретіп, кадр дайындауға дайын. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес пен Сарыағаш аудандарында жүргізіліп жатқан марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл жұмыстар Келес ауданы Бозай ауылы мен Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округінде қарқынды жүріп жатыр. Сарыағаш ауданы бойынша үйірлі марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу болжамы 75,4 мың га, оның ішінде 36,6 мың га жер үсті бүріккіш техникаларымен, 40,8 мың га әуемен өңдеу жоспарланған. Тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекттік инспекция комитеті. Орындаушы - жер үсті бүріккіш техникаларымен « SATTI TULIK» ЖШС. Әуемен өңдеу жұмыстарын жүргізуші «Авиакомпания Дельта-Юг» ЖШС. Келес ауданы бойынша үйірлі марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу болжамы 62,8 мың га, оның ішінде 34,3 мың га жер үсті бүріккіш техникаларымен, 29,5 мың га әуемен өңдеу жоспарланған. Биыл облыста зиянкестердің таралу аймағы былтырмен салыстырғанда бірнеше есе ұлғайып, 270 мың гектардан асқан. Түркістан облысы марокко шегірткесі ең көп таралған аймақ саналады. Негізгі ошағы Арыс, Сарыағаш, Келес аудандары. Алайда соңғы жылдары Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт, Төлеби, Сауран, Шардара және Отырар аудандарында да кездесуде. Күрес жұмыстары жер үстінде бүріккіш техникаларымен, әуеден ұшақпен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен өңделеді. Бүгінге дейін облыс бойынша 30 мың гектардан астам алқапта шегірткенің ошақтары химиялық жолмен өңделді. Химиялық өңдеу жүргізуге жауапты мердігер компания өңдеу жұмыстарына "Тиаметрин" препаратын қолдануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601