АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Ауыл тұрғындарымен кездесуіміз бүгін Далақайнар ауылдық округінде жалғасын тапты. Аталған елді мекен тұрғындарымен бұған дейін де кездесіп, түрлі түйткілдерді көзбен көріп, ауыл ақсақалдарымен пікір алмасқан болатынбыз.
Ал бүгінгі кездесуде далақайнарлықтар күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін бірқатар мәселелерді назарға ұсынып, өздерінің өтініш-тілектерін білдірді. Мәселен, ауылдағы жөнделіп жатқан арықтарға қатысты да біршама түйткілдердің бар екенін білдік. Сонымен бірге, ауылдықтар төрт түлікті суғаруға арналған ұңғыма салып берсе деген тілектерін де жеткізді.
Одан бөлек, елді мекен көшелерін жарықтандыруға қатысты да бірқатар мәселелер айтылды. Бұл ретте, аталған жұмыстарға жауапты мердігермен тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Далақайнарлықтар көтерген мәселелердің қатарында мектеп пен балабақшаның шатырын ауыстыру сынды түйткілдер де бар. Жалпы, кездесу барысында көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынып, тиісті шараларды жүзеге асыратын боламыз.
Бақытжан Жәнібеков
08.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14302
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14238
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29382
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28016
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31548