Ауылда ақылдасып шешетін мәселелер өте көп

Ауылда ақылдасып шешетін мәселелер өте көп

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 03 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығының негізінде өтіп жатқан әкімдердің жергілікті тұрғындармен кездесулері өңірде көптеген мәселелердің дер кезінде көтеріліп, оның шешілуіне оң әсерін тигізіп отырғаны анық. Бұл біріншіден жергілікті атқарушы билік өкілдерінің тұрғындарға жақын болуына әсері болса, екіншіден жергілікті жерлерде туындаған кейбір мәселелермен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Осы орайда алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімі Жалғас Мұртаза Б.Момышұлы ауылының ақсақалдарымен және тұрғындармен кездесу өткізді. Ауылдық округтің әкімшілік ғимаратында өткен кездесуде аудан орталығын дамытуға байланысты және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауға байланысты бірқатар ұсыныстар айтылды.
Кездесуді аудан әкімі Жалғас Мұртаза ашып, ауылдағы бірқатар мәселелерге назар аударды.
-Өздеріңіз жақсы білетіндей, шілде түспей жатып, аудан орталығында ауызсудың тапшылығы туындап жатыр. Ауызсу бұрынғыдан қарағанда азайып барады. Ауыл тұрғындарының арасында тіршілік нәрін бей-берекет пайдалану көптеп орын алуда. Осыған байланысты ауыл ардагерлерінен топ құрылып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Тіршілікке нәр беріп отырған аузсуды ысырапсыз пайдалану қажет. Осыны сіздерге жеткізгім келеді.
Биыл ауызсу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын атқарып, су қорын қайта молайту жұмыстарын жүргізгенімізбен, бірақ ауылға әлі де су жетпей жатыр. Жалпы өңір тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті әрі маңызды болып отыр. Осы мақсатта ауданға қарасты 49 елдімекеннің 36-сына орталықтандырылған ауызсу жүйесі тартылған. Биыл үш ауылға ауызсу құбыры тартылып жатыр. Келер жылы да бірді-екілі ауылға ауызсу құбырын тарту жұмыстары жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді,- деді Жалғас Әлижанұлы.
Кездесу барысында ауыл көшелерін жарықтандыру, көше жолдарын орта жөндеуден өткізу мәселелері кеңінен талқыланды. Айта кету керек, аудан басшысы өз сөзінде, биыл ауданда көшелерді жөндеуде бұрын-соңды болмаған жобалы жұмыстардың жүріп жатқанын еске салды. Жалғас Әлижанұлының айтуынша, жалпы биыл «Ауыл – Ел бесігі!» бағдарламасымен ауданға 750 миллион теңге қаражат бөлінген. Әлбетте, тұрғындардың өмір сүруіне сапалы жол, ауызсу, электр жарығы, көгілдір отын керек. Міне, осындай тұрмысқа қажетті игіліктердің барлығын ауыл тұрғындарына жеткізуде «Ауыл – Ел бесігі!» бағдарламасының маңызы зор.
Кездесуде ауыл қариялары – Б.Момышұлы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Дәуренов, ардагер ұстаз Байжан Төреханов, әкелер кеңесінің төрағасы Әбуғали Ералиев, ауылдық билер кеңесінің төрағасы Шора Искаков, ардагер Мейрамбек Сәулебеков және аудандық билер кеңесінің төрағасы Мұратқали Рахметов ауылды көгалдандыру мен абаттандыруға аудан бюджетінен қаражат бөлу, ауылдың төменгі бөлігіндегі «Құрметті азаматтар» аллеясын жөндеуге, көше жолдарын сапалы жөндеуге күш салуға, орталық базар аймағының жолдарын жөндеу, көше жарықтарын қалыпқа келтіру және аудандық тарихи-өлкетану музейін орталыққа көшіру, т.б. маңызды деген мәселелерді ортаға салды.
Жалпы кездесуден байқағанымыз, аудан орталығында ақылдасып шешетін мәселелер өте көп. Сөздің реті келіп тұрғанда айта кетейік, қазір ауданда көшелердің көбісінде түнгі жарықтандыру жүйелері мүлдем жұмыс істемей тұр. Батырдың атын иеленген бұл ауыл түнгі мезгілде қараңғылық құшағында десе де болғандай. Бұл мәселеге қаражат қарастырып, оны шешетін уақыт жетті.
Одан бөлек, ауылды абаттандыру және көгалдандыру мәселесіне келсек, қазір ауылдың орталық көшелері қараусыз қалып отыр. Бұрын шөптері уақтылы орылып, көше жолдарының жиегі гүлге оранып тұрушы еді. Қазір мұның бірі де жоқ. Көшелердің кей тұстары мүлдем қараусыз қалған. Жол қозғалысына және жеке тұрғын үйлерге қауіп төндіріп тұрған ағаштарды кесу мәселесін де бір жолға қоятын уақыт жетті. Жалпы ауыл тұрғындарының талап-тілегі болған осы және басқа да мәселелерге Б.Момышұлы ауылының әкімшілігі жіті назар аударса деген тілегіміз бар.

Ауыл тұрғындарының
пікірі маңызды

Аудан әкімі Жалғас Мұртаза алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, Билікөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Бүрлібаева және аудан әкімі аппаратының басшысы Рәтбек Көсембаев қатысты.
Шалғайда жатқан Билікөл ауылдық округінің Қарабастау ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуге ауыл жұртшылығы жиналды. Кездесуде ауыл тұрғындарын алаңдатқан бірқатар мәселелердің шешілу жолдары талқыланды. Ондағы көтерілген мәселелер – ауыл тұрғындарының көше бойындағы жарықпен және газ құбыры, су құбыры, жол, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, шөп және бау-бақшаға қажетті ауызсумен қамтамасыз ету жөнінде болды. Көшедегі жарық шамдарының сапасына да сын айтылды.
Округке қарасты Дарбаза ауылының тұрғындары «Дарбаза» су қоймасының сапасы алаңдатып отырғанын жеткізді. Билікөл тұрғындары болашақта қарбыз егу осы өңір үшін тиімді екенін жеткізді. Ал пияз өнім бермейді. Себебі судың тұздылығы бақша дақылдарының өсуіне кедергі келтіруде.
Тұрғындардың денсаулық сапасын арттыру мақсатында жаңа үлгідегі амбулаторияның салынуын және мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі айтылды. Аудан басшысы көтерілген мәселенің алдағы уақтытта орындалатындығын жеткізді. Аудан әкімі жаз айларында орын алатын шомылу кезінде және өрт қауіпсіздігінен сақ болуға шақырды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының бастамалары мен ой-пікірлерімен санасатынын да жеткізді.
Тұрғындар жергілікті жердегі түйткілді мәселелерді көтере отырып, оның шешілу жолдарын да ортаға салды.

Нұржан Манасұлы, Эльмира СҮЙІНБАЕВА, «Жаңа өмір»
29.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 500
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 458

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9155
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762