Ауылшаруашылығында ауқымды жұмыс бар

Ауылшаруашылығында ауқымды жұмыс бар

Бүгінде мемлекет тарапынан ауылшаруашылық саласына ауқымды қолдау көрсетілуде. Қолдау көлемі жыл санап артпаса, кеміген емес. Салаға серпін беру мақсатында қолға алынған баянды бағдарламалар, жарқын жобалар мерейлі Меркі ауданында тиімді жүзеге асырылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда.

– Есепті кезеңде өсімдік шаруашылығындағы өнім көлемі 37 миллиард 301,3 миллион теңгеге жетті. Ал мал шаруашылығы бойынша өндірілген жалпы өнім көлемі 18 миллиард 393,9 миллион теңгені құрады. 

Ауданда ауылшаруашылық мақсатындағы егістік жердің де алқабы жыл сайын артуда. 2022 жылы 51156,6 гектарға дәнді масақты дақылдар егіліп, 92 мың 593 тонна астық жиналды. Сонымен қатар 24 989 тонна картоп, 64605,6 тонна көкөніс, 7 216 тонна бақша, 4 704 тонна мақсары жиналып, мал қыстатуға 178 744 тонна шөп, 48412 тонна сабан дайындалды. 1 780 гектар қант қызылшасы қазылып, 66 773 тонна өнім алынды. 

Сондай-ақ ауданда малдың саны өткен жылмен салыстырғанда біршама өсіп, мүйізді ірі қара 3012-ге, қой-ешкі 9227-ге, жылқы 1852-ге, құс 2638-ге жетті. Мал басы өскен сайын өндірілген өнім көлемі де бірнеше есеге артты. Атап өтер болсақ, 31,3  мың  тонна  сүт,  12,36 мың тонна ет,  2,5  миллион жұмыртқа өндірілді, – деген Жорабек Нұрмергенұлы ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің кедергісіз жұмыс істеп, табыс тайқазанын тасытуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын айтты. 

Аудан әкімінің айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауылшаруашылық техникаларын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған. Мәселен, өткен жылдың өзінде 528,9 миллион теңгеге 130 техника сатып алынып, ауылшаруашылық техникаларының жаңаруы 11 пайызды құраған. Ал 2023 жылы 1046 мың теңгеге 176 техника сатып алынбақ. 

Жорабек Баубеков биыл ауылшаруашылық саласында бірқатар жобаны жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Атап өтер болсақ, тамшылатып суару технологиясын енгізу, жылыжай шаруашылығын және балық шаруашылығын дамыту бойынша бірнеше жоба қолға алынбақ. 

 

ЖАСҰЛАН СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601