Ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті
Өткен аптаның сенбісінде аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен аудан орталығы Мойынқұм ауылының Амангелді көшесі бойындағы «Мұхаддас» дүкеніне қарама-қарсы орналасқан алаңда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті.
Қаз-қатар қойылған шаруа қожалықтарының тауарларын аудан әкімі Әлихан Балқыбаев пен оның орынбасары Ержан Әмірханов аралап көріп, шаруаларға сәттілік тіледі. Жәрмеңкеде аудан көлемінде шаруа қожалықтары өндірген ет, сүт өнімдері, балықшылардың балығы мен шөпшілердің жинаған табиғи шөптері көпшілікке ұсынылды.
Ұланбел, Қарабөгет, Қылышбай ауылдық округтері шабындықтарынан шабылған табиғи шөптің 1 түгі 600 теңге (нарықтағыбағасы 1000 теңге), бір руллоны 3000 теңгеден (нарықтағы бағасы 4500 теңге) сатылды. Жәрмеңкеде шөп алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарының қарасы көп болды. Айдарлы, Биназар, Бірлік ауылдарының диқандары өздері өсірген арпа, бидай мен бақша дақылдары қызанақ, қияр, қауын-қарбыз, картоптарын саудаласа, қызылотаулықтар мен қызылталдықтар айран, сүт, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат, Ақбақай, Жамбыл, Мойынқұм, Хантау, Ақсүйек, Мирныйлық шаруалар сиыр, қой еттерін, Шығанақ, Мыңаралдық балықшылар балығын ұсынды. Мұнда саудаға шығарылған әр тауар нарықтағы құнынан 15-20 пайыз төмен бағада сатылды. Жәрмеңкедегі басты жаңалық ағымдағы жылы ғана жұмысын бастаған «Мойынқұм құс» өндірістік кооперативінің (жетекшісі Батырхан Шотайұлы Тайбағаров) құс өндірушілері өз өнімдерін ұсынуы болды. Олар жұмыртқаны 35 теңгеден, тауық етін 1000, үндік етін 1500 теңгеден, тірітауықты 1000, қоразын 2000, үндікті 2000 теңгеден сатылымға шығарды. Сондай-ақ «Айдарлы агро» өндірістік кооперативінің (жетекшісі Мейірхан Шалқарбеков) диқандары арпаны 85, бидайды 90 теңгеден саудалады.
Жәрмеңкеде біз тілдескен Мойынқұм ауылының тұрғыны Мұса Биғараев өзінің шағын шаруашылығындағымалдың қысқы азығы табиғи шөпті қолжетімді бағада алғанын айтса, ауыл тұрғыны Темірхан Серіков қауын-қарбыз, әңгелек, айрансүт, құрт-ірімшік, ет сатып алғанын қуана жеткізді. Олар мұндай жәрмеңке апта сайын өткізілсе қос бүйірден қыспаққа алған нарық заманында тауар өндірушіге де, тұтынушыға да үлкен көмек болар еді дейді.
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше осы күні 60 тонна табиғи шөп, 4500 килограм бақша өнімдері, 750 килограм ет, 1000 килограм балық, 200 литр айран-сүт, қымыз-шұбат сатылған екен.
 
Жолдыбай ДӘМЕТОВ, «Мойынқұм таңы». Суретті түсірген автор.
15.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 82
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 76
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 82
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 276
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 272
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 893

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8970
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8364
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11590
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9348
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10574