Ауызсу жетіспеушілігі шешіледі

Ауызсу жетіспеушілігі шешіледі

Ауызсудың жетіспеуі – тұрғындарды алаңдатып отырған өткір мәселенің бірі. Су тұшытатын зауыттардың қуаты әлсіз болғандықтан, қалалар мен ауылдарда жаз кезінде су белгілі бір уақытта ғана беріледі. Ал, биылғы мамыр айында қала тұрғындары су таситын көліктің кезегінде тұруға мәжбүр болды. Мұндай жағдайға шыдап отыруға болмайды. Мемлекет басшысы өзінің Маңғыстау облысындағы іссапарында су мәселесін көтерген болатын. «Маңғыстаудың сумен қамтамасыз ету жүйесін және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, Ақтау және Жаңаөзен қалаларын дамыту керек. 2025 жылға қарай облыста суға деген сұраныс 260 мың текше метрге дейін өсуі мүмкін. Мен бес жыл ішінде өңірдегі барлық қалалар мен ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойып отырмын. Әкімдік бұл бағыттағы жұмыстарды бастап кетті. Менің тапсырмаммен жыл аяғына дейін 12 ауыл орталықтан берілетін су жүйесіне қосылатын болады», – деді Президент. 

Енді күні кеше ғана ҚР Үкіметі Маңғыстау облысының тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін шаралар қабылдауда. Үкімет резервінен Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту»  жобасын аяқтауға 5,08 млрд теңге қаражат бөлінді. ҚР Премьер-министрі Ә. Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. «Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту мәселесі – Мемлекет басшысының ерекше бақылауында.  Жоба 2021 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Президентінің қатысуымен өткен «Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» кеңестің хаттамасын орындау аясында іске асырылып жатыр. Есепке сәйкес жобаны аяқтау зауытқа ауызсу өндіру көлемін тәулігіне 40 мың м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның бұрынғы өнімділігі бұдан екі есе аз болған. Осы жылдың 5 шілдесінде Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Ә. Смайылов жобаның іске асырылу барысымен танысты. Үкімет басшысы Маңғыстау облысының Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының 180 мың тұрғыны үшін зауытты іске қосудың маңызы зор екенін атап өтті. Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары 80%-ға орындалды.

 

РАУАН МУТАИР
11.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 468

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9167
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8565
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11793
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9561
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10773