«Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде оқыту» мәселесі талқыланды

«Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде оқыту» мәселесі талқыланды

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 2022 жылғы 28 сәуірде Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ «Білім беру бағдарламаларыорталығы» филиалының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен  «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізіндеоқыту» тақырыбында вебинар өтті. Шараға балабақша тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері, оқытушылар мен ғалымдар қатысты. 

Вебинарда Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ «Білім беру бағдарламалары» орталығының қызметкерлері баяндама жасап, ұлт ұстазының әдістемесін қазіргі тәжірибеде қолдану мәселесін талқылады. Жанат Қажығалиева А.Байтұрсынұлының ұстаздық еткен мектептер картасын ұсынып, ұлттық педагогика мен оқу-ағарту жөніндегі қазір де өзектілігін жоймаған құнды тұжырымдары туралы баяндадыГүлфар Мамырбек ұлт ұстазының қазақ баласын оқыту әдістемесін жүйелеудегі еңбегіне тоқталып,А.Байтұрсынұлының қалыптастырып кеткен әдіс-тәсілдері туралы айтты. Қаламқас БайтеноваА.Байтұрсынұлының «Әліппесінде» негізге алынған әдістерге, ондағы тапсырма түрлерінің мақсатына тоқталып, қазіргі тәжірибеде қолдану жолдарын ұсынды. Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектептері құрастырған «Әліппе» оқулығындағы ұлт ұстазы ұсынған әдіс-тәсілдердіңқалай берілгенін көрсетті. Перизат Биғазина А.Байтұрсынұлының сауаттылықты тек оқи алу, жаза білу деп қана санамай, оқулықтарына баланың дүниетануын кеңейтуге, ғылыми сауатын ашуға бағытталған мәтіндер енгізгенін ерекше атап өтіп, оларды жаратылыстану сабағында тәжірибеде қолдану мәселесін қозғады.

Вебинар соңында А.Байтұрсынұлының «Әліппесіндегі» тапсырмалар негізінде байқау ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы №85 лицей мұғалімі Жұмаханова Назым, Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы Педагогикалық колледж студенті Қалекес Ақерке және Нұр-Сұлтан қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкері Әуелбекова Айнұр жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 331
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 476
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 177

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18240
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18099
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33288
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31838
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35553