Ахуал айтарлықтай жақсарып келеді

Ахуал айтарлықтай жақсарып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы назардан тыс қалмады.

Ел Президенті «Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар.

Атап айтсақ, бұл – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан, тың тәсілдер қажет екені сөзсіз. Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру» деп атап өткен болатын.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі екенін және осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін баса айтты. Ол өз сөзінде «Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс», – деді.

Жамбыл ауданына қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде 88117 халық тұрады. Ауданда барлығы 2 902 агроқұрылым жұмыс жүргізсе, оның ішінде 4 өндірістік кооператив, 35 ауылшаруашылық кооперативі және 2863 шаруа қожалығы бар.

Биыл қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 12,0 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 526,1 миллион теңгеге, мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 11,5 миллиард теңгеге жетті. Биыл жоспарланған 59 930 гектар жерге егу жұмыстары жүргізіліп, күздік бидай 4 580 гектарға, жаздық арпа 13 310 гектарға, майлы дақылдар 3 070 гектарға, қант қызылшасы 1 500, картоп 600, дәндік жүгері 1 900, бақша 770, көкөніс 9 000, мал азығы 25 200 гектарға егілді.

Бүгінгі күнге 2715 тонна бидай, 6 534 тонна жаздық арпа және 103654 тонна мал азығы жиналды. Әр гектардан түсім күздік бидай бойынша 10,7 центнерді, жаздық арпа 11,3 центнерді және мал азығы 41,1 центнерді құрап отыр.

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында шаруа қожалықтар 574,3 миллион теңгеге 88 дана ауыл шаруашылық техникаларын сатып алып, игілігін көруде. Ауданда жұмыс істейтін 19 жылыжайға 3,2 гектар қияр дақылы отырғызылып, 83,5 тонна өнім жиналып, нарықтық бағамен өткерілуде. Аудан бойынша жалпы алаңы 42400 шаршы метрді құрайтын 113 қойма тіркелген.

2023-2025 жылдары жеміс және көкөніс сақтайтын 4 қойма салу жоспарға қойылды.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым 177020 гектар, елді мекен жайылымы 33321 гектар, орман қоры жайылымы 64564 гектар.

Кәсіпкерлік – елдің әлеуетін арттыратын сала

2019-2022 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы Бесағаш, Өрнек, Қаракемер ауылдық округтерінде іске асырылды. Осы жоба аясында 538 адам жұмыс орнымен қамтылды.

Ауданда бүгінгі күнге 532 жеке кәсіпкер 2,2 миллиард теңгеге несиелендірілді. «Ауыл аманаты» жобасын одан әрі іске асыру барысында Айша бибі, Қарасу, Тоғызтарау ауылдық округтерінде барлығы 296 құжат өткізіліп, несиелендіру күтілуде.

15 өнеркәсіп нысаны жұмыс істеп тұр. Осы жылдың 6 айында өнеркәсіп саласында 12,0 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.

2025 жылға дейін жалпы құны 30,8 миллиард теңгені құрайтын 115 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде, 793 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Ауыл шаруашылығы бағытында 2,2 миллиард теңгеге 58 жоба іске асырылып, 267 жұмыс орны ашылатын болады. Оның 15 жобасы биыл іске асады. Өнеркәсіп саласында жалпы құны 28,6 миллиард теңге болатын 57 жоба іске асырылып, 526 жұмыс орны құрылады. Оның 60 жобасы биыл іске аспақ.

2027 жылға дейін шартты құны 34,0 миллиард теңге болатын 148 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 624 жұмыс орнын ашу көзделуде.

Осы жылдың 1 шілдесіне ауданда 8668 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелді. Оның ішінде тұрақты жұмыс істеп тұрғандары 8345. Бұл салада 8208 адам жұмыс істейді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде 32 жоба бойынша 506,0 миллион теңге несие алынып, 25 жұмыс орны ашылды.

Құрылыс қарқыны күшейтілуде

Биыл ауданда бюджет қаражаты есебінен барлығы 3,5 миллиард теңгеге 27 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде облыстық құрылыс басқармасының қаржыландыруымен үш жобаға 655,9 миллион теңгенің жұмысы жүргізіледі. Аудандық бюджет арқылы 2,8 миллиард теңгеге 24 жоба қаржыландырылады.

Ауданда тұрғын үй кезегіне 1 546 адам тіркелген. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 116 бала, әлеуметтік әлсіз топтағы 584 адам, көпбалалы отбасы 534, мемлекеттік қызметшілер 312.

2021 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 5 қабатты 76 пәтерлі тұрғын үй халық игілігі үшін пайдалануға берілді. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы аналарға 5 тұрғын үйдің кілті тапсырылды. Сол секілді «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 4 тұрғын үйдің сертификаты берілді. Осы жылы 80 пәтерлі 4 үйдің және қосымша 2 тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін бюджеттік өтінім тапсырылып, қаражат бөлу күтілуде.

Осы 6 тұрғын үй пайдалануға берілген жағдайда кезектілік 33,5 пайызға төмендеп, 480 адам баспанамен қамтылады. Одан бөлек, «Асар» жобасымен жағдайы төмен отбасына биылғы жоспарға сәйкес 16 ауылдық округте 1 үйден тапсыру жоспарланған. Сондай-ақ, 7 үйдің құрылыс жұмыстары Гродеково, Қызылқайнар, Шайқорық, Тастөбе, Сұлутөр және Қызылшарық ауылдарында жүргізілуде. Бүгінгі күнге Аса ауылында бір үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындары үшін көптен күткен қуаныш.

Ауданда жер телімін алуға 15 351 адам кезекте тұр. 2021 жылы 7 елді мекеннің жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін, су, көгілдір отын тарту жұмыстары жүргізіліп, кезектілікке сәйкес барлығы 1 053 жер учаскесі берілді.

Аудандағы 42 елді мекеннің 34-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биыл Қаракемер ауылы ауыз сумен қамтылса, 3 елді мекен, атап айтқанда Бесағаш, Түркісіб, Кемел ауылдары ауыз сумен қамтылады.

Нәтижесінде аудандағы ауыз сумен қамтылған елді мекен саны 38-ге жетті. Таза ауыз сумен қамтуды қажет ететін қалған Бектөбе, Қызылшарық, Жаңаөткел ауылдарының құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды.

Ал, Жұма ауылын ауыз сумен қамту үшін жобалық құжаттары әзірлену үстінде. Сонымен қатар, Ерназар ауылының ауыз суын қайта жаңғырту бойынша құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылса, Өрнек ауылының ауыз суын қайта жаңғырту үшін тиісті жобалық құжаттары дайындалуда.

Аудан бойынша 42 елді мекеннің 38-і табиғи газ жүйесімен қамтылды.

Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат елді мекендерін ауылішілік газбен қамту үшін құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды.

Ал, осы 3 елді мекеннің магистральды газ құбырын тартудың ЖСҚ әзірленген, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Бұдан бөлек, Сеңгірбай ауылына магистральды газ құбырының және ауылішілік газ құбыры құрылыс жобасының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Осы аталған 4 елді мекен табиғи газға қосылған жағдайда қамтылу көрсеткіші 100 пайыз болады.

Жолдың жайын жүрген біледі

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 321,6 шақырым. Биыл 9,2 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жол жөнделуде.

Осы жылы Аса ауылының «Аса» станциясында теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірдің құрылысы басталып, осы мақсатқа аудандық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінген.

Ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде 427,9 километрді құрайтын 539 көше мен бұрылыс бар. Осы 30 елді мекеннің жалпы ұзындығы 72,4 километр болатын 88 ауылішілік көше жолдары жөнделуде. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасымен жалпы ұзындығы 33,3 километрді құрайтын 6 елді мекеннің 37 ауылішілік көшелеріне асфальт жамылғысы төселуде.

Әлеуметтік сала әлеуеті

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша осы жылдың алты айында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2 833 адам қамтылды.

Оның ішінде тұрақты жұмыспен – 672, уақытша жұмыспен – 1452 адам қамтылған. Электрондық еңбек биржасы бойынша оқытуға – 63 адам тартылып, 56 адамға грант, 18 адамға несие, «Бастау бизнес» жобасымен оқытуға 572 адам жіберілген.

Аудандағы 39 білім беру мекемесінің 26-сы типтік, 12-сі ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.

Өткен жылы Айша бибі ауылынан 300 орындық мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, биыл Шоқай ауылындағы 150 орындық мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде.

2024-2025 жылдары қолданыстағы тозығы жеткен 6 бастауыш мектептің орнынан жаңа типтік жобадағы орта білім беретін мектеп ғимаратын соғу жоспарланып отыр. «Жайлы мектеп» жобасымен Шайқорық ауылында 300 орындық мектеп құрылысы 2024 жылы басталады.

Денсаулық сақтау саласында 35 мекеме бар, оның 19-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Биыл Шайқорық ауылында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Жаңаөткел ауылынан 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысы басталады. Өрнек ауылында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізіледі.

Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйі, 14 ауылдық клуб бар. Осы жылы Гродеково ауылдық мәдениет үйі мен Ащыбұлақ ауылдық клубына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қызылқайнар ауылында 180 орындық мәдениет үйінің және Ақбұлым ауылдық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілмек. Қазіргі таңда мердігер анықталуда. Аса ауылынан мұражай құрылысы басталды. Бұдан бөлек, Аса ауылында мұрағат, кітапхана, жасөспірімдерге арналған демалыс орталығының құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Ауданда жалпы 1 спорт кешені, 2 спорт мектебі, 17 үлкен футбол алаңы, 41 шағын футбол алаңы, 25 балалар ойын алаңы, 18 «Street workout» алаңшалары бар.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 5 спорт кешенінің құрылысына 976,7 миллион теңге бөлініп, құрылысы аяқталуға таяу қалған. Сондай-ақ, Сұлутөр ауылында спорт кешені пайдалануға берілсе, Бесағаш ауылында спорт кешінінің құрылыс жұмыстары таяу күндері басталмақ.

Жастармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Аудан халқының 28 434-ін жастар құрайды.

Жыл басынан бері 65 NEET жас бар болса, 315 жас жұмыссыз ретінде тіркелді. Ал, 146 жас «Бастау бизнес» жобасымен оқыды. Сондай-ақ, 100 жас «Жасыл ел» жасақтары қатарына алынып, жұмысқа белсенді қатысуда.

Биыл жарты жылда волонтерлермен 37 жұмыс атқарылып, қамтылған еріктілер саны – 2 080-ді құрады.

Бүгінгі таңда «Жамбыл жастары» және «Ақжүрек» жастар клубы жұмыс жүргізуде. 2025 жылға дейін тағы екі волонтерлік клуб ашып, еріктілердің санын 10 152 жасқа жеткізу жоспарланып отыр.

 

Ерлан ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫ аудан әкімі Жамбыл ауданы
27.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 122
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 159
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 156
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 122
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 266
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 479
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 442

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9138
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8537
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11764
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9531
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10744