ӘХЖО антологиясының тұсаукесері өтті

ӘХЖО антологиясының  тұсаукесері өтті

Жақында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Әлем халықтары Жазушылары одағының антологиясы» шығармалар жинағының (І томы) тұсаукесері өтті. 

Антология екі жинақтан тұрады. Бірі – проза, екіншісі – поэзия шығармалары. Бұл күнгі таныстырылымда поэзия жанрына арналған антологияға ӘХЖО мүшелерінің, ақындардың таңдамалы шығармалары енді. 

Тұсаукесерге ӘХЖО-ның әр аймақтағы мүшелері және құрметті қонақтары: Сайлыбай Бекболатов, жазушы, Англия, Кембридждегі ғылым, өнер, халықаралық конгресс вице-президенті Дулятов Абдулхат, ақын, «Бейбітшілік әлемі» одағының жетекшісі, Бекзәкір Құралбаев, «Төре»  холдинг басшысы, Аманжан Серіков, Қазақ радиосының дикторы, академик Сәбит Дүйсебаев, ақын Бүбішхан Тікебаева, «Желтоқсан ақиқаты» ҚБ төрағасы Болат Құрымбаев, Байниязов Бақыт, Балғымбекова Ақпөбе, Қаржаубаева Оразкүл, Гүлбақша Файзова, ӘХЖО-ның  мәдени-гуманитарлық байланыстар кеңесшісі Алмаша Аренова, Тараз қаласынан келген ақын Демешев Құрманғазы, Қалтаева Мағрипа, Кенжеғали Қошым-Ноғай, Шымкенттен сазгер, әнші Берік Тулемисов, Мылтықбай  Ерімбетов, «Мырзашөл» журналының Бас редакторы, Семей қаласынан белгілі ақын Қайрат Ахмер, ӘХЖО қаламгерлері журналист Сағидолла Сиқымбайұлы, ақын, публицист Ізтілеу Тойшыбайұлы, күйші Талап Қараш, ақын Әлібек Тойлыбай, жазушы Болат Құрманғажыұлы, документалист жазушы Әл-Халел Қарпық, «Игілік» журналының Бас редакторы Меруерт Айтенова, «Түркі әлемі» телестудиясының редакторы Салтанат Әбдіғали, Қаскелең мәдениет колледжі директорының орынбасары Бағдагүл Қанабекова, Қызылордадан психолог, шебер, жаттықтырушы Ардақты Камак, ақын қыз Ләйлә Камак, Қордайдан ақын Талғат Абдрасилов, ақын Берік Семетаев, Астанадан тарихшы мұғалім Майра Меңлібаева, ӘХЖО Бас жауапты хатшысы, менеджер Райса Аханқызы, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, әнші Айша Смағұлқызы, Шардаралық ақын Жанәділ Сейданов, Ғайбулла Бектуреев  және осы күнгі іс-шараның жүргізушісі, ақын Болат Шарахымбай  т.б. қатысты. 

ӘХЖО-ға қатысты қандай да бір іс-шара өтетін болса, бірінші кезекте осы одақтың негізін қалаушы, алғашқы президенті, ақын, композитор, аудармашы, журналист, қоғам қайраткері Қайрат Дүйсен-Парманды (Қайрат Дүйсенов) еске аламыз. Қайрат Дүйсен-Парман 1964 жылы 7 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Көкібел ауылында дүниеге келген. 

2019 жылы «Motivational Strips» Дүниежүзілік Жазушылар Одағының «Бриллиантная Гора Золотое перо» әлемдік әдеби сыйлығының бірінші лауреаты атанды. Сондай-ақ, Дүниежүзілік испан тілді жазушылар одағының «Әдебиет пен мәдениеттегі үздік жетістіктері үшін» әлемдік әдеби сыйлығының лауреаты. Дүниежүзілік испан тілді Жазушылар одағының құрметті тең Президенті. «Motivational Strips» Дүниежүзілік Жазушылар Одағы Президентінің Кеңесшісі. БҰҰ-ның «Қоғам алдындағы еңбегі үшін» алтын медалінің иегері атанды, бейбітшілік миссиясының елшісі болып, әлемдік деңгейде беделі жоғары болды. Одақтағы ақындарымыздың өлеңдері ағылшын тіліне аударылып, шетелдік марапаттарға ие бола бастаған еді. Қайрат Парман алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін, жоспарлы түрде жұмыс жасау арқылы биіктерді бағындыруды көздеген еді. Соның бірі ӘХЖО-ның антологиясын шығару идеясын да өзінің жоспарына енгізген екен. Мінеки, Қайраттың сол жоспарын, іске асыруды қолға алған Қайраттың жұбайы, ӘХЖО-ның қазіргі президенті Гүлхан Айтақынқызы,  ақын, публицист Ізтілеу Тойшыбайұлы, академик Сәбит Дүйсебаев, ӘХЖО-ның хатшысы Райса Аханқызына т.б. азаматтарға айтар алғысымыз зор. 

Антологияның тұсаукесерінде Қайрат Дүйсен-Парманның сөзі мен әніне жазылған «Туған жер» әнінің тұсауы кесілді. Әннің тарихын Бекзәкір Құралбаев айтып берді және жаңа әнді орындап берді.  Қайрат Парманның тағы да бір жаңа «Гүлім-ау» әні тұңғыш рет орындалды. Әннің музыкасын жазған танымал әнші Бақыт Бешенқызы. Бұл әнді әнші Берік Тулемисов нақышына келтіре орындап берді.   Күйші Талап Қараш Қайрат Парманның күйін, әнші Айша Смағұлқызы өзінің «Қазағым» әнін орындады. 

 

Майра Жагипарова, ӘХЖО-ның мүшесі
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 861
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6931
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10769
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7003
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7142