Азаматтардың өтініштері мен мәселелері жергілікті жерде шешілуі тиіс, - Нұржан Нұржігітов

Азаматтардың өтініштері мен мәселелері жергілікті жерде шешілуі тиіс, - Нұржан Нұржігітов

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте «ZHEIF – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумында көтерілген бастамаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар талқыланды.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, көтерілген 27 мәселе тиісті салаларға жинақталып, оларды орындау бойынша 17 іс-шара жоспары әзірленген.

Айта кетейік, екі күндік форум барысында екі зауыт іске қосылып, бір демалыс орны ашылып, ірі кәсіпорынның іргетасы қаланды. Барлығы 1000-нан аса қонақ қатысса, оның 100-ден астамы шетелдік инвесторлар мен консулдық корпус өкілдері, 400-ден астамы еліміздің өзге өңірінен келген кәсіпкерлер.

Шара аясында Жамбыл облысы әкімдігі мен шетелдік 7 компания арасында құны 700 миллион АҚШ долларын құрайтын жобалар бойынша меморандумдарға қол қойды. Бұл жобалар табысты іске асырылғанда 5000 жаңа жұмыс орындары ашылып, 60 миллиард теңгеге салық түсімдері бюджет есебіне салынады деп күтілуде.

Сондай-ақ, өнімді экспорттау үшін жаңа нарықтар ашу, экономиканы әртараптандыру бойынша 6 компаниямен құны 42 млн. АҚШ долларына тең келісімдерге келді.

Форум барысында кәсіпкерлер үшін В2В кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулерде құны 96,5 млн. АҚШ долларын құрайтын келесімдерге қол қойылды.

Отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар арасында 20 стратегиялық келісімдер мен меморандумдар жасалып, облыстың ауыл шаруашылығы саласы, туристік нысандары мен жер қойнауын пайдалану бойынша жаңа жобалар ұсынылды.

Аймақ басшысы берілген тапсырмалардың сапалы орындалуы, форум жұмысының нақты нәтижесі маңызды екенін баса айтты.

- Облысқа инвестиция тарту, әлеуетті шетелдік компаниялармен байланысты тереңдете түсу жұмыстары тұрақты назарда болуы тиіс. Бұл дегеніміз жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттырудың бір тетігі,-дей келе Нұржан Нұржігітов форумға қолдау білдерген орталық атқарушы органдарға және консулдық корпус өкілдеріне, отандық және шетелдік инвесторларға алғыс айтты.

Сонымен қатар, кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе ретінде жергілікті атқарушы органдарға түсетін жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің динамикасы сараланды. Ол туралы жан-жақты баяндама жасаған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Әлібеков көрсеткіші нашар аудандар мен басқармаларға да тоқталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы шеңберінде азаматтардың барлық өтініштері сапалы қаралуы керектігін ескерткен облыс әкімі олардың мәселелері заң аясында нақты шешілу керектігін атап өтті.

- Өтініштердің бәрі жергілікті жерде шешілуі тиіс. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жауап болмаған жағадайда ғана тұрғындар орталық атқарушы органдарға шағымданып жатады. Бұл дұрыс емес, біз өз деңгейімізде нәтижелі жұмыс жүргізуіміз керек.

Облыс әкімінің орынбасарлары, аудан, ауыл әкімдері, басқарма және бөлім басшыларына дейін әр мәселемен түпкілікті айналысуы қажет.

Әр басшы айына кем дегенде бір мәселені заң аясында нақты, нәтижелі шешуі тиіс.

Осы тұрғыда халықтың өтініштерімен, арыз-шағымымен жұмыс істейтін арнайы топ құрылатын болады. Әкімдер, басқарма басшылары тұрақты түрде айына бір рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп отыруы маңызды, -деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

Жамбыл облысы әкімдігі
02.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785