Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы

 Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы

Азаматтық қоғам – ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтары мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм болып саналады. Оны iшкi мемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi деп те түсінуге  болады. Азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi – қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама.  Азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет тарапынан қабылданады.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтық қоғам құру негізгі басымдықтың бірі екенін атап айтқан еді. Президентіміз  бұл  Жолдауында, сайлауалды бағдарламаларында бұл мәселенің ерекшелігін баса айтты. Қазіргі заман талабы – азаматтық қоғамды дамытып,  іске асыру.  Азаматтық қоғам құрылмай, мемлекет те  алға баспайды. Қоғамның қозғаушы күші – осы елдің әрбір азаматы. Азаматтық қоғамға анықтама беру үшін Қазақстанның азаматтық секторының бейнесін жасау маңызды. 

Азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасында:  «Азаматтық қоғам – адамға өзінің азаматтық құқықтарын іске асыруға мүмкіндік беретін және қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттілігі мен мүддесін білдіретін мемлекеттік емес қоғамдық қатынастар мен институттар жүйесі», – деп жазылған. Ұлттық заңнамада «азаматтық сектордың» нақты белгіленген анықтамасы кездеспейді. Сондай-ақ  бұл ұғым мемлекеттік және коммерциялық секторларды ескере отырып, «коммерциялық емес сектор» немесе «үшінші сектор» анықтамаларының синонимі ретінде анықталады.

Астанада  ҚР Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы даярланды.  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова құжатты таныстырды. Тұжырымдамада азаматтық қоғамды қолдау және нығайту, өзекті әлеуметтік міндеттерді шешу, көппартиялылықты дамыту, саяси бәсекелестікті және елдегі пікір алуандығын алға жылжыту шаралары қарастырылған. Ә. Ғалымова  Тұжырымдаманың таныстырылымы кезінде: «Тұжырымдама жобасын төрт басымдық бойынша іске асыру болжануда. Бірінші басымдық   азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы жетілдіру, үкіметтік емес қызметті құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған 3 міндет пен 9 бастаманы іске асыруды қамтиды. Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау тетіктерін дамыту, волонтерлік және қайырымдылық қызметті, қоғамдық кеңестер қызметін жетілдіру, саяси партияларға қатысты заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, БАҚ және медиация институтын жетілдіру тақырыптары көтерілген», – деп түсіндірді. Бірінші басымдықта  азаматтық қоғам саласындағы 11 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу күн тәртібінде тұр. Жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу, әрбір адамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және билік қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру азаматтық қоғамның негізгі міндеті болып табылады. Азаматтық қоғамды дамыту бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру 2020-2030 жылдарға арналған.  Бірінші кезең – алғашқы 5 жыл, екінші кезең – екінші 5 жыл. Министрлік алғашқы 5 жылдықта жүзеге асырылатын жақын уақыттағы  шаралар кешенін қазіргі уақытта әзірлеу үстінде.

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
31.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16528
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16379
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31555
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30173
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33768