АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік бағаларын реттеу, оның ішінде сүттің сатылымына қатысты мәселелер талқыланды.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының инфляциясы жыл басынан бері 3,8 пайызды құраса, соңғы апта ішінде — 0,1 пайызды көрсеткен.

Статистикалық мәліметке сәйкес, соңғы бір апта ішінде 3 тауар түрінің бағасы көтерілген. Нақтырақ айтсақ, қырыққабат 5,4 пайызға, күріш 0,5 пайызға, сиыр еті 0,5 пайызға өскен. Ал күнбағыс майының бағасы 0,3 пайызға, пияз 9,2 пайызға төмендеген.

Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының өңірлер бойынша сүт өнімінің орташа бағасы елімізде 374 теңгені құраса, Тараз қаласы бойынша сүт өніміне орташа баға 350 теңгені құраған.
Өз баяндамасында аталған басқарма басшысы облыс бойынша сүт өндірушілердің сүтті қабылдау орташа бағасы 150-170 теңгені құрайтынын жеткізіп, өңірдегі ірі 3 сүт өндеуші бойынша жүргізілген талдау жұмыстарының қорындысына тоқталды.

— Ағымдағы жыл басынан бері делдалдық схемаларды тексеру және сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жөніндегі 64 комиссия отырысы өтті. Барлығы 38 құқық-бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде сүт өнімдерін сатып алып, сауда желілеріне қайта сатқан делдалдар анықталып, аталған өндірушілерді сауда желілерімен тікелей келісім-шарт жасасу бойынша жұмыстар жүргізілді,-деді Аспандияр Сейсебаев

Облыс әкімі өндірушілерден өнімдерді тікелей дүкендерге жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру, әлеуметтік сала нысандарына өзіміздің сапалы әрі бағасы қолжетімді өнімдерімізді өткеру, жергілікті сүт өндірушілер мен қайта өндеу кәсіпкерліктерін қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, аймақ басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы барынша бақылауда болу керектігіне тоқталды.

Жамбыл облысы әкімдігі
21.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 103
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 137
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 138
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 103
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 247
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 462
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 424

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9123
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8520
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11748
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9516
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10729