БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

Шерхан Мұртазаның шығармаларына арқау болған Ақсай мен Көксай каналына су электр станцияларын салу көзделген. Бүгінге дейін Көксай каналында су электр станциясының бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Ендігі кезекте Ақсай каналындағы су электр станциясын жүзеге асыру жоспарлануда.

 

Ғарыштық жылдамдықпен қарыштап дамып жатқан қазіргідей уақытта электр қуатының қажеттілігі орасан зор. Атап айтқанда, экономикамыздың өрлеуі де осы қуат көзіне тәуелді. Бұл ретте баға жетпес әрі сарқылмас байлық, ол – баламалы энергия.

 

– Мемлекет басшысы баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл бағытта өңірімізде жүзеге асып жатқан жобалар бар. Бірақ, ол әлі де болса жеткіліксіз. Қазіргі таңда Қазақстанға 1 миллиард 200 мегаватт электр энергиясы жетіспейді. Әсіресе, қыс мезгілінде энергияны басқа мемлекеттерден алуға мәжбүрміз. Экономика дамыған сайын электр энергиясы көздерінің жетіспеушілігі көбейе бастайды. Сондықтан, біз күннің, судың, желдің мүмкіндігін пайдаланып алатын энергия көздерін көбейтуіміз керек. Бұл әсіресе, алыс елді мекендер үшін тиімді. Шалғайдағы ауылдарға электр энергиясын тартудың қажеті жоқ. Сол жердегі мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. Сонда ғана мәселе оң шешімін табады, – дейді облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев.

 

Атап өтерлігі, Жуалы ауданында жүзеге асырылған қуаттылығы 100 мегаватты құрайтын «Burnoe Solar-1» және «Burnoe Solar-2» серіктестігінің күн электр станциясы Орталық Азиядағы ең ірі нысан. Одан кейін су көзінен қуат өндіру мақсатында екі инвестициялық жоба қолға алынған болатын. Оның бірі – Көксай каналының бойынан қуаттылығы 18 мегаватты құрайтын кіші су электр станциясы болса, екіншісі Ақсай каналының бойынан соғылатын қуаттылығы 18 мегаватты құрайтын кіші су электр станциясы.

 

Ал, Көкс ай каналының бойынан салынатын жобалық құны 5 миллиард теңгені құрайды. Оның құрылыс жұмыстарын былтыр аяқтау жоспарланған. Инвесторы «ҚазГидроОперейтинг» серіктестігі. Инвестор тарапынан станцияның бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Өкінішке қарай, бүгінде оның қалған кезеңдерінің құрылыс жұмысы тоқтап тұр.

 

Аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Марат Қасымбековтің айтуынша, Көксай каналынан бөлек, сол сияқты Ақсай каналының бойынан да қуаттылығы 18 мегаватты құрайтын кіші су электр станциясының құрылысын салу жоспарланған. Оның инвесторы «Аксайская ГЭС АянКо» серіктестігі. Жобаның жалпы құны 21 миллион АҚШ долларын құрайды. Іске қосылу уақыты алдағы жыл деп белгіленген. Бірақ, құрылыс жұмыстары әлі бастала қоймаған.

 

Бұдан бөлек, алдағы уақытта Жуалы ауданында Біріккен Араб Әмірлігінің «Masdar» компаниясы жалпы қуаты 1 гигаватты жел электр станциясын салмақ ниетте. «Бұл жобалар жүзеге асқан сәтте аудан экономикасының дамуына, өркендеуі мен көркеюіне өз үлестерін қосады деген сенімдеміз. Бастысы, қандай жоба, бағдарлама болмасын, барлығы да елдің игілігі үшін жүзеге асады», – дейді бөлім басшысы.

Марат ҚҰЛИБАЕВ. Жамбыл облысы
27.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 177
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9158
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765