Бағдарламаның жемісі

Бағдарламаның жемісі

Орал қаласында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар жасалды.

Орал қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жыл сайын тұрғын үйлердің тозығы жеткен шатырын немесе жеделсатыларын (лифт) алмастыру, кіреберістерді жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша биыл облыс орталығындағы тоғыз үйдің шатыры жаңғыртылып, тағы бір мекенжайдағы (Жуков көшесі,15/1) тұрғын үйдің жеделсатысы ауыстырылды. Сондай-ақ шатыры жөнделген Абай даңғылы, 55 мекенжайындағы тұрғын үйдің қабырғасын қайта қалау жұмыстары жүргізілді.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және қайта жаңғырту жұмыстарына көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын әрбір пәтер иесі белсенді қатысып, жиналыстар өткізіп, жасалатын жұмыстардың көлемін есептеп, өтініштерін береді. Соның негізінде жобалық-сметалық құжат жасақталып, сараптамадан өткізіліп, жұмыстар жалғасады»,  –  деп хабарлады Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 82
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 128
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 78
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 79

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24059
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23728
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41209
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37134
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41392