Аудандық маңызы бар 116,4 шақырым және Шаян елді мекенінің ішкі жолдарын қыс мерзімінде күтіп-ұстау жұмыстарымен «Жасыл саябақтар» КММ-ні айналысады.
«Жасыл саябақтар» мекемесі тарапынан қысқы мезгілде қардан тазалау жұмыстарына 5 техникалар (1 дана -автогрейдер, 1 дана- Камаз универсал 1-дана қар күрейтін және құм шашатын, 1 дана- 3 м3 жүк артқыш), 1 дана- Газель әзір болса, 180 тонна инертті материалдар (150 тонна құм, 30 тонна тұз) мекеменің қоймасына түсіріліп қойылған.
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні ауа райы күрт өзгеріп, аудан аумағына қар түсіп, аудандық маңызы бар және елді мекен көшелері толық бақылауға алынған. Аудандық «Жасыл саябақтар» мекемесінің тарапынан жолдарды тазалау мен құм себу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі