Байқаңдар! Абай бабамыз елімізді аралап жүр...

Байқаңдар! Абай бабамыз елімізді аралап жүр...

Иә, қабағы түксиіңкі, «ақ киімді, денелі, ақ сақалды» хакім бабамыз дәл қазір «қалың елін, қазағын» аралап, барлық болып жатқан жағдайларды, оқиғаларды барлап, бақылап аралап жүргендей бейне. Нанбасаңыз, оның «сөз патшалығындағы» «қиыннан қиыстырған», «іші алтын, сырты күміс» ақық жырларын осы қазіргі қазекеңнің өмірінен шығарғандай әсерде боласыз.

Сенбесеңіз, назар салыңыз. Мысалға мына сөздерді тоқсаныншы жылдарда аралаған кезде көріп, назаланып шығарғандай. «Жақсы менен жаманды айырмадың, бірі қан, бірі май боп екі ұртың...» Шынында Тәуелсіздігіміз келген кезде  халқымыз мәре-сәре болып жүргенде сыртқы, ішкі жауларымыз бар жаманшылықтарды елімізге сыналап кіргізіп жібергенін кейін біліп,  «аһ!» ұрып, санымызды соғып қалған жоқпыз ба? Одан кейін іле-шала «бас басына би болған, өңкей қиқым, мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын». «Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап, мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбағандар» сол тоқсаныншы жылдары тоқ ауылдарды тал түсте тас-талқан етіп тонаған жоқ па? «Мал жиып арамдықпен, ұрлап-қарлап, қусың десе қуанып жүр алшаңдағандар». Қазір елін, жерін тонап, «миллиардермін», «баймын» деп мақтанып, асып-тасып жүргендер қаншама? «Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын, шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап» дегендей елімізді кіл жағымпаздар қаптап, НӘН-дер сол мақтау-мадақтың буында мастанғаны өмірдің нағыз шындығы емес пе?!

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» Абай бабамыздың рухы тірі. Оның рухы елін аралап, оның қуанышына қуанып, жаманына «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» деп ақылға шақырады. «Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып, сәлемдеспей, алыстан ыржаң қаққандарды» хакім баба «Адал еңбек мал таппақ, жұртқа жақпақ» деп адал еңбек етуге, халқын көтеруге атсалысуға шақырады. «Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ» деп бүгін барын шашып той жасап жүргендерді мінеп, жастарды білім-ілімге мойынсұндырғысы келеді.

Байқаңдар, Абай бабамыз дәл қазір елін, қазағын аралап жүр. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп халқын түзелуге, ынсап-ұятқа, ар-намысқа, сабыр, талапқа шақырады.

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

 

07.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 321
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 315
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 166
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 467

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18231
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18091
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33279
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31830
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35535