Байқауда Мәдина жеңімпаз атанды

Байқауда  Мәдина жеңімпаз атанды

Оралда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай республикалық «Мұқағали оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті. 

 

Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараны ұйымдастырушылардың мақсаты – мұзбалақ ақынның шығармаларын оқушылар арасында насихаттау, өскелең ұрпақтың поэзияға құштарлығын арттыру, өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге үйрету. Қала мектептерінің 8-11 сынып оқушылары белсене қатысқан байқау бірнеше бөлімнен құралды.Үміткерлер байқау талаптарына сай ақын өлеңдерін жатқа оқу, өз туындыларын оқу, берілген тақырыпқа өлең құрау кезеңдерінен өтіп, ақын өлеңдеріне талдау жасады және қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. «Ақын мұражайына менің үлесім» айдары бойынша М.Мақатаевтың шығармашылығына байланысты өздері дайындаған бұйымдары мен суреттерін, кесетелерін, ақынның танылмаған қырын көрсететін жобаларын, зерттеулерін таныстырды.

Байқау қорытындысы бойынша №37 орта мектептің 8-сынып оқушысы Мәдина Абдушева облыстық кезеңге жолдама алды. Ал облыстық кезеңде топ жарған жеңімпаз Мұқағали ақынның туған жерінде өтетін республикалық кезеңге қатысады.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
17.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 190
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 202
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 470
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 459

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18381
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18241
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33429
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31980
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35746