Бакуде Хагани Ширванидің 900 жылдығына арналған «Хагани кеші» өтті

Бакуде Хагани Ширванидің 900 жылдығына арналған «Хагани кеші» өтті

2026 жылғы 29 қыркүйекте Халықаралық Мугам орталығында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұлы әзербайжан ақыны әрі ойшылы Хагани Ширванидің 900 жылдық мерейтойына арналған «Хагани кеші» атты әдеби-музыкалық іс-шара өткізді.

Іс-шара Әзербайжан Республикасының Президенті  Ильхам Әлиевтің Хагани Ширванидің 900 жылдық мерейтойын атап өту туралы өкіміне сәйкес ұйымдастырылды.

Кештің ашылуында сөз сөйлеген Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Хагани Ширвани шығармаларының ғасырлар бойы түркі халықтарының рухани әлемінде ерекше орын алып келе жатқанын атап өтті. Қордың ауқымды баспа қызметіне тоқталған профессор Ақтоты Райымқұлова ұйымның түркі дүниесінің көрнекті классиктерінің мұрасын түрлі тілдерде жарыққа шығарып, қалың оқырманға ұсынып отырғанын айтты. Ол осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалардың ортақ мәдени мұраны сақтауға және кеңінен танытуға қызмет ететінін жеткізді.

Әзербайжан Жазушылар одағы Жастар кеңесінің төрағасы Фарид Гусейн жүргізген іс-шарада Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының президенті Иса Габиббейли мен Милли Мәжіліс депутаты Хикмет Бабаоғлу да сөз сөйледі. Олар ұлы ақынның бай әдеби мұрасы туралы ой бөлісіп, Қордың осы бағыттағы бастамаларына жоғары баға берді.

Іс-шара аясында Хагани Ширваниге арналған пьесалар жинағы таныстырылып, ақынның өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін көркем бағдарлама ұсынылды. Бағдарламада Хаганидің балалық және жастық шағынан бастап өмірінің түрлі кезеңдерін көрсететін сахналық көріністер қойылды. Сондай-ақ ақынның өлеңдеріне жазылған музыкалық туындылар алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды.

Көркем бағдарламада Джахангир Джахангировтың «Назенин», Тофиг Кулиевтің «Бахтавар олдун», Бахрам Насибовтың «Гёзель назенин» шығармалары орындалды. Сонымен қатар № 3 Балалар мен жасөспірімдерді дамыту орталығының «Хаганидің балалық шағы» атты шағын спектаклі, «Хагани ғазалдары: диалогтар» қойылымы, Хагани мен Мұхаммед Физули шығармаларының көркем оқылымы және Хагани ғазалдарының мугам сүйемелдеуімен орындалуы көрермен назарына ұсынылды.

Іс-шараға Әзербайжанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары, мәдениет және өнер қайраткерлері, әдебиеттанушылар, ғалымдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

30.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28155
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27632
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45006
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40658
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45313