Жастар – біздің болашағымыз. Еліміздің ертеңі болатын үкілі үмітіміз де бүгінгі жас ұрпақ.
Сондықтан оқушылар мектеп қабырғасында білім алып, ғылым үйренумен қатар, тәлім-тәрбие мәселесіне де терең мән беруі қажет.
Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты нақылы бар.
Сондықтан, біліммен қатар ұлттық адамгершілік тұрғысындағы құндылықтарға баса мән берудің маңыздылығы зор.
Ақиқатында бала тәрбиесі мәселесі қазіргі таңда тұтас қоғамды толғандырып отырғаны белгілі.
Бүгінде ұл мен қыз баланың тәрбиесі өте нәзік әрі күрделі мәселе.
Осыған орай бүгін Талас ауданында «Бала өмірінің қаупсіздігі мен бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» тақырыбында жиын өткізілді.
Жиында әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.
Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт.
Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді екенін атап өттім.
Бас қосуда «Бала өмірінің қауіпсіздігі мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыптарында ата-аналарға, оқушыларға ақпараттар мен кеңестер берді.
Шара барысында ата-аналар мен қатысушылар өзара сұрақ-жауап алысты. Болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттің абыройлы міндеті.