Балалар әдебиеті мен басылымдарының мәселелері ортаға салынды

Балалар әдебиеті мен  басылымдарының  мәселелері ортаға салынды

Өткен аптаның жұмасында Алматы қаласында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен «Балалар әдебиеті және балалар басылымдарының бүгіні мен ертеңі»  тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге  балалар жазушылары, балалар басылымдарының басшылары, баспагерлер, қаламгерлер, журналистер қатысты. Атап айтқанда, Нұрдәулет Ақыш, Нұрғали Ораз, Ділдар Мамырбаева, Сәуле Досжанова, Шамшидин Паттеев, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Байбота Қошым-Ноғай, Саят Қамшыгер, Болат Үсенбаев және басқалар қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған тақырып төңірегінде ойларын ортаға салды. Өткен жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен балалар әдебиеті, биыл балалар жылы аталғанын жақсы білесіздер. Осы екі жылда балалар әдебиетіне мемлекетіміз зор көңіл аударып, көптеген игі шаралар атқарылды. Атап айтқанда, кітаптарға қаламақы өсті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қамқорлығымен жыл сайын тапсырыспен кітаптар шығарылды. Дегенмен әлі де болса бүгінгі көтеріліп отырған мәселелерде кемшіліктер мен олқылықтар да жоқ емес. Мысалға, қаламгерлеріміз кітаптарын бөлек топтан шығаруға мәселе көтерген. Ол әлі де орындалған жоқ. Сондай-ақ, дөңгелек үстелде басқа да мәселелер көтерілді. Бұл қадау-қадау мәселелерді ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жазып қана қоймай, оның орындалу тетіктеріне көңіл аударды. Иә, осындай шынайы басқосуда ғана айтылған мәселелердің түйіндерін біртін бірге шешетіні сөзсіз.

11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5443
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5596
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20567
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19195
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22658