БАЛАЛАР БАСЫЛЫМДАРЫ АСТАНАДА БАС ҚОСТЫ

БАЛАЛАР БАСЫЛЫМДАРЫ АСТАНАДА БАС ҚОСТЫ

Астана қаласында 26 ақпан күні балалар басылымдары мен Астана мектептерінің директорлары, орынбасарлары, кітапханашыларымен «Шығармашыл интеллигенция – Қазақстан балаларына» атты кеңейтілген кездесу жиналысы қалалық №59 мектепте өткізілді. Жиналысты ұйымдастырған – Оқу-ағарту министрлігі. Жұмысты атқарып отырған – Алматы қаласында орналасқан (Асқаров көшесі, 47 Б) Оқу-ағарту министрлігіне қарайтын Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана. Астанадағы жиналысты кітапхананың директоры Алия Шуратқызы мен бөлім басшыларының бірі Амангүл Бастаубайқызы үйлестірді  және басқарып ашты.  Алматыдан Жанна Шеризатқызы онлайн қатысып отырды.

Жиын басталудан бұрын басылымдар өнімдерінің көрмесі болды. Кездесуді «Қазақстан», «Хабар» телеарналарының журналистері келіп түсірді. Шамамен 300-ден аса адам жиналған басқосуға Қазақстандағы 30-ға жуық басылымның бас редакторлары және арнайы өкілдері келді. Солардың қатарында 22 жылдан бері үздіксіз шығып келе жатқан біздің «МӨЛДІР БҰЛАҚ» журналы да бар.

Бұл жиналыстың бастауында министрлікке өз талаптары мен ұсыныстарын қойған хаттар мен өтініштер, кездесулер жатыр. Соның нәтижесінде 14 қаңтарда Алматы қаласында Мәдениет және ақпарат министрі  Аида Балаева ханым мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мырза тізе қоса отырып, қос министрліктің «Балалар контентін қалай дамытамыз?» деген тақырыпта зиялы жұрт өкілдері мен басылым басшыларының жиналысы болған. Әне сол күннен бастап сірескен сең қозғалды.

«Мектепте басылымдарға жазылуды мәжбүрлеуге болмайды» деген сөздің шынайы мәнін түсінуге жол ашылды. Өйткені сол уақытқа дейін Қазақстан мектептерінің көбі «мәжбүрлеуге болмайды» деген сөзді «жазылуға болмайды» деп түсініп келген болатын. Ендігі жерде ұлттық құндылықтар бойынша тәрбиелеу, «Оқуға құштар мектеп» жобасын атқару,  балалардың басын телефоннан алып, қағаздан оқу мәселелерін қолға алу негізінде баланың, ата-ананың, отбасының жағдайына қарап, мүмкіндігі бар, қызығушылығы бар оқушыларға газет-журналдарға жазылуға болатынын насихаттай бастады.

 

 

Балалар басылымына жазылу деген – ұлттық идеологияның айырылмас бір бөлігі. Балалар басылымын шығару бизнес емес, ол пайдасы бүгін көріне қоймайтын көмескі сала. Нәтижесі жылдар өткен соң барып көрінетін болашақтың шаруасы. Оқушылардың озық ойлы, тәрбиелі, саналы болып есеюі үшін балалар басылымына бағыттау өте маңызды. Бүгін мектепте журнал оқыған бала, ертең қоғамда кітап оқитын болады. Бұл шаруаны министрліктің қолға алып қозғап отырғаны қуанарлық жағдай болды. 30-ға жуық басылымның барлығының айтар алғысы шексіз. Бәріміздің «илеп отырғанымыз бір терінің пұшпағы». Түпкі мақсатымыз – ұрпақ тәрбиесі. Балалардың білімді болуына қаншалықты көңіл бөлсек, олардың тәрбиелі, көргенді, өнегелі, намысты  болуына да соншалықты мән беруге тиіспіз. Өйткені «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» екенін қоғам түсінді.

Жиналысқа қатысқан басылым редакторлары балалар басылымының бүгінгі хал-ахуалын ортаға салды. Мектеп басшыларына өтініш-тілектерін ағынан жарылып айтты. Басылымдар жұмысы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарағанымен, оқырмандарымыз мектепте. Егер мектеп басылымдарға есігін жапса, журналдар жабылады. Сондықтан да ұрпақтың қамын ойлаған, Қазақстанның ұлттық идеологиясын шәкірттер санасына егуді көздеген Оқу-ағарту министрлігі мектеп пен басылымдардың арасын жақындата түсті. Бұл үлкен жаңалық, игі бастама екенінде дау жоқ.

Алматыдағы аудандармен 14-19 ақпанда 4 рет кездесу өткен болатын. Міне, Астанадағы мектептермен 26 ақпанда зор көлемді бір жолғы кездесу атқарылды. Алматы мен Шымкенттегі журналдар қуана-қуана Астанаға жетіп, ұстаздармен, кітапханашылармен қауышты. Өз ойларын жеткізді, басылымдарын таныстырды.

«Қазақ газеттері» ЖШС директорының орынбасары, Алматы бөлімшесінің жетекшісі Думан Анаш, балалар жазушысы Толымбек Әбдрайым, «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы, өзге де редакторлар ағыл-тегіл ақтарылып пікірлерін жеткізді. Біз де: «Кітап оқу, білімге құштарлық, таным көкжиегін кеңейту мектеп табалдырығында журнал оқудан басталады. Ол үшін ата-ана, ұстаздар баласын оқу мәдениетіне ауыздандыра білу керек», – деп ой өрбіттік. «Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкен», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» ... басылымдарынан басқасын білмейтін адамдар көп екен. 30-ға жуық баспаның аты аталып, өкілдері сөйлегенде таңғалып отырды.

Жиырма миллион халқы бар Қазақстан үшін 30 басылым көптік етпейді. Басылымдардың көп болуы  өздерін дамыту үшін бәсекеге жол ашады. Балалардың таңдау еркіндігі қалыптасады. Бұның өзі үйренемін, ізденемін деген балаға зор мүмкіндік. 

Астана мәжілісі есте қалатындай өтті, соңынан сұрақ-жауап алысып, ұсыныстар түсті. Ата-аналар өкілдері де бүкпесіз ақтарылып, бір-біріміздің арамыз жақындай бастады.

Келесі кездесу үшінші мегаполис – Шымкентте жалғасатын болды. Онан ары Түркістан мен Тараз тұр. Осылайша реті келгенде Қазақстанның өзге облыстарына да ат басын бұру көзделіп отыр. Оқу-ағарту министрлігіне қарайтын мектептердегі бұл жаңалық қазақ баспасөзін, әсіресе балалар контентін дамытуға өрлеу тудырары анық.

Балалар басылымдары да бірін-бірі танып, ортақ мақсат, ұрпақ қамы үшін жұмыла жүк көтеруге өзара селбестік орнатты. Соңында шараны  ұйымдастырып отырған  Ғылыми-педагогикалық кітапхананың басшылары қорытынды шығарып, түйін сөзін айтты.

Жиналысты талантты жас қаламгер, аудармашы, «Болашақтың» студенті Алпамыс Файзолла мазмұнды етіп жүргізіп отырды.

 

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ,

«Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы

04.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 139
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 39
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 45
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 44
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 134
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 139
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 326
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 319
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 942

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9015
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8411
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11638
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9394
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10621