«Балалар жылы» - басты назарда

«Балалар жылы» - басты назарда
Балалар жылы аясында өңірде 7 бағытта жемісті жұмыстар атқарылған. Мәселен, «Білімді бала» бағыты шеңберінде бүлдіршіндердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына бар жағдай жасалып, жекеменшік 14 балабақша ашылған. Нәтижесінде 1 760 балдырған қамтылған. Сонымен қатар, 8 мектеп ел игілігіне беріліп, 72 білім ошағының биология, химия және физика кабинеттері жаңа модификациялық құрылғылармен қамтамасыз етілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингі барысында облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдын Досыбаева айтты.
🔻- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп жарияланды. Осылайша, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінді. Жалпы, мемлекет қай кезде де балдырғандардың үздіксіз дамуына инвестиция құюын тоқтатпайды. Өйткені, тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы.
📌Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында облыста 78 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Жалпы мектептен тыс мекемелер мен мектептердегі түрлі бағыттағы үйірмелермен қамтылған оқушылардың үлесі - 75,5 пайызды құрап отыр. Осылайша, қазақтың қарадомалақ балалары түрлі деңгейдегі жарыстарда ел мерейін көтеруде. Айта кетейік, балалар жылы аясында өңірде 7 бағытта жүйелі жұмыстар атқарылды. Мәселен, «Білімді бала» бағыты шеңберінде бүлдіршіндердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына бар жағдай жасалып, жекеменшік 14 балабақша ашылды. Нәтижесінде 1 760 балдырған қамтылып отыр. Сонымен қатар, 8 мектеп ел игілігіне беріліп, 72 білім ошағының биология, химия және физика кабинеттері жаңа модификациялық құрылғылармен қамтамасыз етілді, - деді Айдын Орынбекқызы.
✔️Жиын барысында облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы «Дені сау бала», «Жетімсіз ел, Жайлы мекен», «Отбасы – қауіпсіз мекен» және «Bala qorgau», «Bala_time.kz» бағыттары бойынша іске асырылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, бұл бағыттағы шаруалардың барлығы қатаң бақылауға алынғанын жеткізді.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
21.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 59
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 67
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 371
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 513

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18271
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18129
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33319
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31873
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35612