Балаңыз мектепке дайын ба?

Балаңыз мектепке  дайын ба?

Тамыз айы туа салысымен ата-ананың басты мәселесі баланы мектепке дайындау болып табылады. Үш айлық демалыстан кейін баланың эмоционалды, психологиялық тұрғыдан мектепке баруға дайын болуы ол бар, одан бөлек керек жабдық пен мектеп формасы мәселесі де тұр. Еліміздің мектеп оқушылары 2003 жылдан бастап бірыңғай мектеп киіміне көшкен болатын. Биыл мектеп формасына аздаған өзгертулер енгізілді, ол 2022 жылғы 30 желтоқсанда Оқу-ағарту министрі қол қойған бұйрыққа сай 5 қаңтардан бастап күшіне енген еді. Республикамызда мектеп формасы енгізілгеннен бері ата-аналар мен педагогикалық қоғамның басым бөлігі бұл бастаманы қызу қолдаған еді. Мектеп формасы оқушылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік пен басқа да ерекшеліктерді болдырмайды. Зайырлық сипатта, классикалық үлгіде, бірыңғай түсті. Бірыңғай мектеп формасы ең алдымен оқушылардың арасындағы тәртіп мәселесін қалыптастыратыны да белгілі. Жаңа оқу жылы қарсаңында балаңызға мектеп формасын алатын кезде мектеп формасының жаңа енгізілген ерекшеліктерін ескергеніңіз жөн. Сонымен бұйрыққа сай ендігі жерде ер балаларға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, поло жейде немесе тенниска. Қыз балаларға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде. Мектеп оқушыларына ендігі жерде галстук тағу міндеттелмейді. Сондай-ақ жаңа ережеге сай, мектеп формасында орта білім беру ұйымының, яғни әрбір мектептің өзіндік ерекшелік белгілері: эмблема, тігіспе, шеврон орналастыруға рұқсат етіледі. 

 

РАУАН МУТАИР
11.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 468

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9168
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8566
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11794
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9562
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10774