БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

БАЛЫҚ   ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ   ДАМУДА

Елімізде балық өсіру субъектілерінің саны 280-ге жетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

Оның айтуынша, Балық саласын дамыту бағдарламасының арқасында бизнестің іскерлік белсенділігі арта бастады. Мысалы, 2020 жылмен салыстырғанда балық өсіру субъектілерінің саны 2 есеге өсіп, 380-ге жетті. Өсірілген балық көлемі 5 жыл ішінде 3 мың тоннадан 5 есе артып, 15 мың тоннаға дейін көбейген.

«Қазір мыңнан астам жаңа шаруашылық құру жоспарлануда. Оның 47-сі ірі бизнес түрі, ал инвестицияның жалпы көлемі 150 млрд теңге құрайды. Мемлекеттік қолдау іс-шараларын күшейту Мемлекет басшысының Алматы және Атырау облыстары тұрғындарымен кездесу барысында берген тапсырмасына сәйкес пысықталуда», – деді Серікқали Брекешев.

Министр бизнес үшін қолайлы жағдай жасаудың заңнамалық негізі «Акваөсіру туралы» заң жобасында қарастырылатындығын айтады.

«Заң тұжырымдамасы қыркүйекте ведомствоаралық комиссияда бекітілді. Заң жобасын Парламентке 2023 жылдың қараша айында енгізу жоспарлануда», – деді ол.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 64
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 71
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 376
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 516

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18275
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18134
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33324
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31877
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35616