Бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді

Бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидаттарына негізделеді.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Осы орайда, Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

                Мәселен ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 11 тексеру жүргізілді, оның ішінде 6-ы бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және 5 жоспардан тыс тексерулер.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 269 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 8 нұсқама және 2 ұсыныс енгізілді.

Сонымен қатар, профилактикалық бақылаулардың нәтижелерімен 21 мемлекеттік қызметшігеіссапар шығындарын төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін, еңбек саласындағы заңнама талаптарына сәйкесжалпы 78 100 теңгені құрайтын өсімпұл сомалары төленіп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Одан бөлек, жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 3 азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп (оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші), 2 мемлекеттік қызметші түрлі тәртіптік жазаға тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
24.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601