БАРҒАН ЖЕРІҢНІҢ БИІГІНЕ ШЫҚ, ҮЛКЕНІНЕ СӘЛЕМ БЕР!

БАРҒАН ЖЕРІҢНІҢ БИІГІНЕ ШЫҚ, ҮЛКЕНІНЕ СӘЛЕМ БЕР!
Осы бата-тілек өзімізге қатты ұнайды. Дәм бұйырған жердің бәрінде орындап та келеміз. Әрине, сәлем беруге келсек, халықтан үлкен ешкім жоқ. Ал биікті сөз етер болсақ, оның ауқымы кең, мағынасы терең.
Дос-жаранның, туған-туыстың сый-құрметінен, ұсынған төрінен бастап, сол қаланың, елді мекеннің ең көрікті жерлері, айтулы нысандары, мақтаулы орындары болып жалғасып кете береді. Жарнама жағаласқан тіршілікте бәрін көріп тауысу да мүмкін емес. Сөйтсе де, әр қаланың, ауылдың ұлттық дәстүрге аса қиғаш емес өзіне тән ырым-жырымы, салт-санасы, әдет-ғұрпы бар. Қазақтың “дастарханнан аттап кетуге болмайды” дегені сияқты өзге жұрттардың да мәзірге, өзге де рәсімге байланысты ескеретін жайттары да жоқ емес.
Тәу ету, зиярат жасаудан бұрын, сол қауымда, қоғамда қабылданған белгілі бір амалды іске асырудың өзі “қалауың болады немесе тілеуіңді береді, арманыңның орындалуына себепші” деп қиылып тұрса, жолбастаушы жетегіне қиналыссыз еріп кете барасың.
Мысалы, көңілге жақсы әсер қалдырған мекенге қайта айналып оралу үшін аққан суға шақа-тиын тастау, арнайы ескерткішті бірнеше рет айналып шығу, ең биік жеріне табан тигізу, із басу, орындыққа отыру сияқты жазылмаған рәсімдері бар. Бәлкім, жақсыдан үміт ету, сенім ұялату, иландыру әдісі болар немесе аңыз бен қиялға негізделген жоралғы шығар. Әйтеуір, ешкімге зияны жоқ, жан баласына кесірін тигізбейтін, заман ағымына көптен бері үйлесіп келе жатқан ишаралар ұшырасады.
Рас, қалыптасқан дәстүрге, діни танымға қайшы келіп қалатын сәттер де кездеседі. Оның біразын кезінде Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп сынапты. Бір қызығы, қазақ айтатын "әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ" мәтеліндегі арабтан тыс "ажа"-да (әже) осы мәселе әлі күнге таласты. Сондықтан бұған тым тереңдемей-ақ қояйық...
Біздіңше, үлкен шаһарда зиярат ететін жер - көне қорымдары, мешіт-медресе орны, ғұламалар тұрған, қызмет еткен орындар. Ал, саяхаттайтын, тамашалайтын жерлер - “Бәйтерек” секілді ерекше ғимараттар. Астанадағы әл-Фараби, Кенесары, Абай, Бөгенбай батыр, Алаш зиялылары, С.Сейфуллин, Ж.Тәшенов, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев т.б. тұлғалар, Аштық құрбандары ескерткіштері - сыйынатын емес, тағзым ететін орындар. Болашақта, әлбетте, хандық туын тіккен Қозыбасы, ұлт тағдыры шешілген Аңырақай өзге де ақылға қонымды тарихи композициялар парктерде тұрғызылып жатса, сонда тәу етуге болатын сияқты.
Өздеріңіз білетіндей, алаш баласының ғана емес, әлемнің көзі түсіп отырған Астана қаласы жылдан жылға өркендеп, өсіп келеді. Одан да маңыздырақ табысымыз бар. Осы жылдары
барша халқымыздың өз елордасына, әділетті елінің байтағына деген құрметі қалыптасып, нығайды. Қала тұрғындардың саны артты. Жыл маусымдарын құрғатпай жас астанаға келіп-кетіп жатқан меймандар мен туристердің қарасы да көбейген. Қаланың сәнін келтірген Есіл өзені ағып жатыр, жасыл желек орманымыз да жайқалып тұр. Ендігі жерде қала маңынан Астана тауын тұрғызатын жоба сұранып тұрғандай. Сәтін салса, бұл ұзақ жылға арналған бүкілхалықтық іске ұласады деген үміт бар. Ол үшін барша отандасымыздың ғана емес, осында ат басын бұрған әрбір қонақтың, туристің ұлы іске үлес қоса алатынын жақсы ырымға балап, тәуекелмен "Тау" мәдени-экологиялық қозғалысын бастаған жөн. Мұндай әрекет өз тарихымызда да болған. Өркениетті әлемде осыған ұқсас бастамалар, тәжірибелер көптеп кездеседі. Мысалыға, Сеулдің өртеніп кеткен қақпасын қайта қалпына келтіруді бүкіл қала жұртшылығы өз мойнына алып, жүзеге асырған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия қала қирандыларынан кәдімгі жасанды тау тұрғызған. Мұндай акциялар елді топтастырып, халықты жұмылдыра түседі.
Аңыздарға қарағанда ұлы даламызда қарауыл төбелер осылай қолдан жасалған. Бабамыздан қалған бір сөз - “Ең асқақ мұнара да жерден көтеріледі”.
Енді елорда маңында өркешті немесе жалды белесті, биік тауды көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Мысалы, бізге көрші елдің символы - әйгілі Қытай қорғанының екі мың жыл бойы салынғаны жөнінде түрлі аңыз бекер айтылмайды. Ол - ортақ мақсаттағы күш-қуатты, жасампаздықты, ұрпақ сабақтастығын танытар идея.
Тау - арман мен сенім асқары. Оның пайдасы неде?
Біріншіден, мысалы, жазғытұрым ол кең тыныстап, иен далаға көз тастап, төңіректі шолуға мүмкіндік берсе, қыста шаңғы, шанамен сырғанап, түрлі спорттық жарыс өткізуге, жастардың сейіл құруына таптырмас өзін-өзі ақтайтын орын.
Екіншіден, осы бастаманы жасына, нәсіліне, шыққан тегіне қарамай қалың көпшілік, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар қолдаса, бұл елдің береке-бірлігін арттырады.
Мұны көп шығынсыз-ақ орындауға болатынын қарапайым адам да түсінеді.
Өйткені, бұл - жер қопарып, тау-тасты бейберекет көшіру емес. Ел қонған жердің асқар белін түзіп, биігін лайықты көтеру. Астананың шоқысы мен белесі, жотасы мен кезеңі асқар тауға бастап тұрса, бұл да бір жаңа заманның мүмкіндігін көрсететін елорда табысы болмақ.
 
 
Дархан МЫҢБАЙ
25.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 194
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8576
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784