Барлығына арналған өнер: Қарағандының оқушылары мен студенттері мұражайлар мен театрларға тегін бара алады

Барлығына арналған өнер: Қарағандының оқушылары мен    студенттері мұражайлар мен театрларға тегін бара алады

10 ақпаннан бастап Қарағандыда «Барлығына арналған өнер» пилоттық жобасы басталады. Оқушылар мен студенттер мұражайлар мен театрларға, концерт және көрме залдарына тегін бара алады, сондай-ақ өнер және кескіндеме тарихы бойынша дәрістер тыңдай алады, шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Жоба жыл бойы жүзеге асырылады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Барынша көбірек балалар мен жастарға мәдениет нысандары қолжетімді болуы мен шығармашылыққа неғұрлым көбірек жұмылдыру үшін келесідей шаралар қарастырылады:

- ай сайын мұражайларға, театрларға, концерт және көрме залдарына тегін бару;

- суретшілердің, театр әртістерінің шеберлік сабақтарын өткізу;

- өнер және кескіндеме тарихы бойынша дәрістер мен әңгімелер. Оларды «Қазақстан Суретшілер одағы» ҚҚ, С. Сейфуллин атындағы, К. С. Станиславский атындағы, музыкалық комедия және «Буратино» балалар театрының, концерттік бірлестіктің өкілдері оқиды.

Жобаға мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар және олармен бірге жүретін адамдар қатыса алады.

Мәдениет нысандарына тегін келу күндері анықталды:

Мұражайлар:

·                    мектеп оқушылары үшін: айына бір күн – әр 2-ші бейсенбі – мұражай күні;

·                    студенттер үшін: айдың 4-ші бейсенбісі – мұражай күні.

Театрлар:

·                    мектеп оқушылары үшін: айына бір күн – айдың бірінші сәрсенбісі – театр және музыка күні;

·                    студенттер үшін: айдың 2-ші сәрсенбісі – театр және музыка күні.

Жоба туралы толығырақ ақпаратты Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінен білуге болады.

Анықтама телефондары: 78-55-25, 8-776-276-14-88.

Жомарт Шаймұрат
01.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 148
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 184
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 181
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 148
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 509
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 466

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9166
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8564
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11792
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9560
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10772