🔰«Барысхан» алқабында жол жөндеу жұмыстары басталды

🔰«Барысхан» алқабында жол жөндеу жұмыстары басталды
🔹«Барысхан» алқабының тұрғындары ұзақ жылдан бері жол азабын тартып келеді. Бұл мәселе тұрғындар тарапынан сан мәрте көтеріліп, шешімі табылмаған еді. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков барысхандықтардың өтінішін назарға алып, мәселенің биыл шешілетіндігіне уәде берген болатын. Енді, міне, сәтін салып, күні кеше алқапта жол жөндеу жұмыстары басталды.
Жалпы, «Барысхан» тұрғын алқабында жоба бойынша ұзындығы 16,2 километрді құрайтын 24 көшені асфальттау қарастырылған.
Биыл тұрғындар тілегін ескеріп, негізгі қоғамдық көлік қатынайтын екі көше асфальтталады. Атап айтқанда, Қызыл Қайнар 1, 2 және Н.Құрманбетов көшелері. Құрылыс жұмыстарын «UNISERV» ЖШС жүргізеді.
📌Алқаптағы қалған көшелер келесі жылы жөнделетін болады.
Тараз қаласының әкімдігі
21.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14322
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14255
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29395
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28032
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31563